Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Мәңгілік Ел – ұлттың ұлы мұраты

   Біз болашағымызға бағдар беріп, ұлтты ұлы мақсаттарға ұйыстыра алатын идеямызды берік орнаттық.

   Жалпы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, келешегімізіді кемел ету жолындағы хақ мұраттарымыз. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлер мен асыл қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру маңызды. «Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» - деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл Жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Бабалар аңсаған азат күнге қол жеткізген қастерлі атамекеніміз үшін алдағы меженің бірі – бәсекеге қабілетті ұлттар сапына ену. Дархан даласымен, табиғи байлығымен бірқатар әлем елдерін басып озған жасампаз мемлекетіміз үшін атқарылар тірлік орасан.

Гүлмира Тұрсынбаева,

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми

кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі

Жамбыл Тараз .-2017.-22 қараша (№47).-10 б.

Яндекс.Метрика