Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Адамға ең керегі – рухани байлық

Жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңінде әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналып отырған еліміз өркендеген сайын руханияттың ордасы кітапханаларды заманауи деңгейде өркениет көшіне ілестіру үрдісі қолға алынуда. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері өткен 2021 жылы өз қызметін кітапханадағы халыққа ортақ қазына ретінде сақталған бай мұраны өлке тұрғындарының игілігіне айналдыру, ұзақ мерзімді мәдени саясаты тұжырымдамасының талаптарына сәйкес Жамбыл өңірінің тұрғындарына кітапхананы заманауи, ыңғайлы форматта барша қолжетімді болатын ауқымды ақпараттық ресурсы ретінде танытып, оқырмандардың мәдени демалысының көпфункциялды, ағартушы және ақпараттық орнына айналдыруға бағыттады.

   Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды – «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялауына орай, жыл аясында еліміздегі саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешуге, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар  туралы өңір тұрғындарын хабардар етіп, мемлекет саясатын оқырмандар арасында жете насихатталып, егеменді еліміздің жеткен жетістіктері мен халықаралық деңгейде атқарған абыройлы істерімен түрлі іс – шара ұйымдастыру арқылы оқырмандарға таныстырылып отырды. Ұлттық таным-тарихымызды терең зерделеп, құнды жәдігерлерімізді ел жадында қайта жаңғырту және де бүгінгі күннің бедері – сан ғасырлық тарихи кезеңдердің дәйекті жалғасы екендігін оқырмандар санасына жеткізу мақсатында кітапханада офлайн мен онлайн форматта 265 түрлі ақпараттық және көпшілік мәдени іс-шара ұйымдастырылды. 135 офлайн іс-шараға 130 мыңға жуық оқырман қатысса, 130 онлайн іс-шара 2000000 қаралыммен қамтылды.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы аясында мемлекеттік кітапханалары жанынан «Парасат жолы » орталықтары ашылып, жергілікті зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен еркін форматта «Жұмадағы кездесулер» өтті. Осы күнге дейін облыста 150-ден аса іс-шаралар өтсе, оның 50-ге жуығы Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының үлесінде. Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының  негізін салған, қазақтың заманауи, демократиялық мазмұндағы тұңғыш үкіметі «Алашорданың» көшбасшысы болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Маусым жарлығы» дөңгелек үстел, «Әлихан Бөкейханов – ұлттық тарихтың зерттеушісі, этнограф» саяси бейне-портрет кеші, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шырағы» әдеби кеш, 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» Наурыз шашу кеші, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыру мақсатында «Қазақстан – татулық пен келісім мекені» фестиваль, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тарих с ағаты, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» ұлттық бірегейлік сағаты, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның Еңбек Ері, өңір өндірісіндегі қайнаған тіршіліктің қайраткері, кеншілердің көшбасшысы, облыстық мәслихат депутаты Мұқаш Ескендіровпен «Еңбек Ері – өскелең ұрпаққа үлгі» тақырыбындағы кездесу кеші секілді іс-шаралар өтті.

   Облысымыздан шыққан зиялы қауым өкілдерінің өмірі мен еңбектерін насихаттау мақсатында есепті жыл ішінде «Рухани жаңғыру – бабалардың дара жолы» тақырыбымен әлеуметтік желілерде 30 вайн жарияланды. Онда облыстан шыққан зиялы қауым өкілдері мен олар жайлы әдебиеттерден қысқаша ролик жасалып, оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Тағдырыма әсер еткен кітап» жалпыреспубликалық челленджі аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында даңқты спортшы, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, түрлі халықаралық біріншіліктердің жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, «Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Ақжүрек Таңатаров, Қазақстан Республикасы Мәдениет ісінің үздігі, дәстүрлі және эстрадалық әнші Айгүл Мақашева, ақын, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің және ҚР Мәдениет саласының үздігі Үміт Қыранқызы, ақын, с азгер, Мемлекеттік кірістер органдары мен Мәдениет саласының үздігі Олжас Отар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жанындағы «Аналар» алқасының төрайымы, «Қыздар тәрбиесі» оқу құралының авторы Жанат Сарыбекова, белгілі жазушы, журналист-публицист, Халықаралық «Алаш», «Сорос-Қазақстан», «Астана-Бәйтерек 2006» сыйлықтарының иегері Қуандық Түменбай, белгілі сатирик-жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының директоры Доқтырхан Тұрлыбек, жеке кітапханасында 800-ден астам кітабы бар, 5 оқу құралының авторы, әдебиет зерттеушісі, Жамбыл ауданы, А.Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Жұмабекқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, журналист, өлкетанушы, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» аға ғылыми қызметкері Ерман Әбдиев, Қазақстан Республикасы Мәдениет ісінің үздігі, дәстүрлі және эстрадалық әнші Айгүл Мақашева, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, қазақстанның еңбегі сіңірген әртісі Нұрсифат Салықова, облыстық мәслихатының хатшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Кеңесқызы, қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші, «Бүркіт» есімімен танымал Айбек Жансеитов пен жары Аиша, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, қаламы қуатты, өлеңдері әлі күнге дейін жұрттың ерекше ықыласына бөленіп жүрген Шырын Мамасерікова қолдау білдіріп, өзі оқыған кітаптарымен бөлісті. Көптеген онлайн сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастырылып, мардымды әңгімелер өтті.

   Кітапханамыздағы жүйелі де, маңызды жұмыстар биыл да жалғасын таба беретіні анық.

 

Эльмира ӘБДИНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап

ғылыми кітапханасының директоры,

«Aq jol». - 2022. - 28 қаңтар (№11). - 8 б.

 

Яндекс.Метрика