Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапхана – рухани азықтың өзегі

   «Оқырмандармен жұмыс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын оқырмандарға түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидалары» атты тақырыпты қамтыған семинар-тренингке «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, орта білім мазмұнын жаңарту бойынша тренер, психологиялық ойындарды өткізу тренері Шынар Тойғанбекова, аталған кафедраның аға оқытушысы, орта білім мазмұнын жаңарту бойынша тренер Үміт Жақсылықова, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Әбдинова, осы кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанат Жетпісбаева, өз ауданымыздан аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жұмахан Жантелиев, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанат Сүйімқұлова, орынбасары Айман Бүркітбаева, ауылдық округтердің, сондай- ақ, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандық кітапханаларының қызметкерлері қатысты.

   Семинар-тренингтің мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бағыттары аясында облысымыздың мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағды- тәжірибелерімен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапхана қызметінің жаңа технологиялары мен формалары және әдістерін меңгеру, сонымен қатар, ауыл кітапханашыларын жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту болып табылады.

   Семинар «Рухани жаңғыру: қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана» тақырыбында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысымен танысудан басталып, ол жөнінде Ж.Жантелиев цифрларға негізделген, ауқымды баяндама жасады.

   Одан кейін семинар жұмысын жүргізуші Э.Әбдинова Мойынқұм және Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, тиісінше, Ғалия Шубаева мен Салтанат Нұрғалиеваларға сөз беріп, олар өз аудандарындағы өзгелерге үлгі болар жұмыстарымен таныстырып өтті. Сөз алған Ш.Тойғанбекова қоғамның мәдени әрі рухани дамуы жолындағы кітапханалардың орны мен функцияларына жеке тоқталған соң, облыстық мамандардың басқаруымен уақыт түрлі тренингтік іс-шаралар мен жүйріктер жөне алғырлар танылатын сан-алуан ойындарға берілді.

 

Әлихан Нұралиев

Меркі тынысы.-2017.-24 қараша (№96).-3 б.

Яндекс.Метрика