Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ғабит Мүсіреповтің туылғанына 120 жыл толуына орай, 5513 әскери бөлімінде жеке құрам арасында «Ғабит Мүсірепов - қазақ әдебиетінің інжу-маржаны» тақырыбында тақырыптық кеш және кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде кітапхананың бөлім меңгерушісі Нұршат Абдрахманова әскери қызметшілерге XX ғасырдың қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсіреповтың драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі болғандығы жайында айтып, жазушының шығармашылық мұрасымен таныстырды. Кітап көрмесін шолу барысында ақынның М.Горькийдің, М.Шолоховтың, О.Генридің, А.Островскийдің, В.Шекспирдің, Мольердің тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалағаны, көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған және Ғ. Мүсіреповтің (Б.Майлин мен В. Ивановпен бірге) сценариі бойынша «Амангелді», «Қыз Жібек» кинофильмі түсірілгені жайында ақпараттар берді. Көрмеге кітап қорындағы жазушының әр жылдары жарық көрген еңбектері мен романдары, «Ұлпан», «Уақыт іздері», «Тұтқын қыз», жазушының 2 томдық шығармалары «Қазақ әңгімелері», «Рухыңды түсірме ұлым» т.б. еңбектері қойылды.
Сондай-ақ, Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралай бейнефильм көрсетілді. Атқыштар батальонның сарбазы (атқышы) қатардағы Нұрлан Оразбай «Сезім» өлеңін және кітапханашы Салтанат Рахымжанова «Алға, қазақ жігіттері!» әнін орындады.
Аға лейтенант
Динара ЖАҚСЫБАЕВА,
«Qalqan». - 2022 жыл. - 15 сәуір (№11). - 4 б.