Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Тәуелсіздік жайлы тағылымды ойлар айтылды

    Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Еркіндікке бастаған егемендік» атты мерекелік кеш өтті.

   Кешке қонақ ретінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Тарих және география» кафедрасының тарих магистрі, аға оқытушы Ақнұр Көбесова және Тараз политехникалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі Аяжан Дәуітбаева шақырылды. Жиын барысында кітапхана қызметкерлері Жазира Базарбаева мен Алтынай Әбдірайымова «Қазақтай ел қайда?», «Қазағымның дәстүрлері-ай» патриоттық әндерін шырқап, көпшілікке әдемі әсер сыйлады.

   Жиында тарих магистрі Ақнұр Көбесова сөз сөйлеп, Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданғанынан, сол сәттен бастап-ақ егемен Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастағанын атап көрсетті.

   Іс-шара «Қазақстан» патриоттық әнімен мәресіне жетті.

 

 

 

 Ләззат АЛДАБЕРГЕНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық

әмбебап-ғылыми кітапханасы оқу залы

секторының меңгерушісі,

 «Aq jol». - 2022. - 27 қазан (№130). - 2 б.

Яндекс.Метрика