Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Тараз – Ғасырлар куәсі»

Жамбыл облысына - 85 жыл

    Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһары көненің көзі, тарихтың өзі. Тарихтың талай қатпарынан өтіп, бір кездері Әулиеата аталған Жамбыл облысының құрылғанына бүгінде 85 жыл толып отыр. Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тараз – ғасырлар куәсі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысты өтті.

   Оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, туған өлкеге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату мақсатында өткен шараға Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев, Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Салтанат Ділдәбекова, облыстық тарихи – өлкетану музейінің экскурсоводы Лаура Байтұрсынова және Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның мұғалімі Рауан Ошақбаев қатысты.

   Кеш қонақтары өз саласы бойынша Жамбыл облысының кешегісі мен бүгіні жайлы, Ұлы Жібек жолынан бастып, Әулиеата өңірінің тарихы мен тағылымы, аймақтың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейінен әкелінген құнды жәдігерлер оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, күй тартылып, облыстың көрікті жерлерінен фотогалерия көрсетіліп, бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

 «AR-AI». - 2024. – 9 ақпан  (№11). – 11 б.

Яндекс.Метрика