Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған «Қазыналы құтты мекен – Жамбылым» атты biblio travel өтті.
Өлкетану жұмысында заманауи әдістерді пайдалану арқылы өңір тарихы мен тынысын жас ұрпаққа таныстырып, ұлттық рухты қалыптастыруды мақсат тұтқан іс-шараға Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі Ерман Әбдиев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова қатысты.
Іс-шара барысында Жамбыл ауданының тарихы жайында бейнеролик көрс етіліп, кіт апхана қызметкерлернің қатысуымен Айша бибі композициясы қойылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект арқылы ауданда орналасқан ескерткіштердің таныстырылымы ұсынылды. Бұдан кейін жас жеткіншектер өнерлерін ортаға салып, ән-жырдан шашу шашты. Гүлдария Ешназар, Жалғас Төленділер Сұлтан Қалиевтің өлең жолдарын мәнерлеп оқыса, жергілікті ақын Асел Назаралы авторлық «Таразым – киелі өлкем» жыр жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, жиналғандар жергілікті ақын Қуаныш Ауғанбаевтың өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Айша бибі ауылының тумасы, «Аққауырсын» әдеби клубының мүшесі, жас ақын Мерей Жамалбектің «Мерейлі өмір» атты жаңа кітабының тұсауы ке сілді. Тұсауке серде кеш қонақтары Мерей Жамалбекке ақ батасын беріп, ақжолтай тілегін арнады. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы жас ақын қызға сәттілік тілеп, құрмет көрсетті.
Нұрболат АМАНБЕК
«AQ - JOL». - 2024. – 3 қазан (№114). – 8б.