Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Қазақтың Қаратайы

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың Қаратайы» тақырыбында еске алу кешін ұйымдастырды.

    Шараға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Жамбыл облысының құрметі азаматтары – Ермек Үсенбаев, Қаратай Тұрысовтың інісі Әлімқұл Мәметәліұлы және сыныптасы, Қазақстанның құрметті теміржолшысы Әбдуәлі Данаев, Қ.Тұрысов атындағы №53 орта мектеп директоры Салтанат Төлеу қатысты.

    Қонақтар кешке қатысқан Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері мен Қ.Тұрысов атындағы білім ошағының оқушыларына ғалымның ғылымдағы ғұмыры, туған елінің өсуі мен өркендеуі, тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы, іргесін бекіту жолындағы сарп еткен еңбектері жайлы жан-жақты жеткізді.

    Жүрек толқытарлық естеліктер, Қаратай Тұрысовтың көзі тірі кезінде мемлекетіміздің дамуына іскер басшы, экономист-ғалым, дара бітімді депутат ретінде ерекше еңбек сіңіргені жайында іс-шарада толыққанды айтылды.

 

ЖҰМАШ ЖОЛБОЛДЫ

«Jambyl-Taraz». - 2024. -  25 қазан (№83). – 3 б.

Яндекс.Метрика