Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп «Оқуды ілгерілету: кітапханадағы тың идеалар диапазоны. Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі» атты онлайн коучинг – шығармашылықты дамыту кеңесін өткізді.
Жиынды облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сенбина сөз сөйлеп ашып, кеңес жұмысында сәттілік тіледі. Мұнан кейін Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың өкілі Нұржан Жолдыбалинов «Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі» тақырыбында баяндама жасап, тәжірбиелік сабақ өткізді. Ол кітапханашы қызметкерлерге жүктелетін жауапкершілік жоғарылағанын, оқырманды кітаппен қауыштыратын мамандық иелері енді әлеуметтік желіні меңгерген, заманауи техникалардан хабары мол болуы қажет екенін айтып өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық оталығы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Шынар Тойғанбекова, осы кафедраның аға оқытушысы Әйгерім Абзалбекқызы «Оқу арқылы жаңару және рухани жаңғыру» тақырыбында тренинг өкізіп, кітапханашылармен психологиялық ойындар ұйымдастырды.
Соңында Сарысу, Жамбыл, Мойынқұм аудандық орталықтандырылған жүйесінің директорлары Света Қожаназарова, Айда Қалисаева, Ғалия Шубаева сөз сөйлеп, ауылдардағы кітапхана қызметкерлері де жаңашылдыққа бейімделіп жатқанын, жергілікті оқырмандармен байланыс нығая түскенін айтып, ойларымен бөлісті.
Е.Жанабайұлы
Ақ жол. - 2018. - 3 сәуір (№37). – 6 б.