Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Әр азамат парасаты – тазалықта

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр адамның парызы» тақырыбында өзекті репортаж өткізілді.

   Шара мерзімді басылымдар секторының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің Конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпыұлттық міндет» - деген Елбасы пікірімен жиын мазмұнын ашты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отыр. Себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көзқарасты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасында тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы керек. Тәрбие от басынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп отырған бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патриоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Анар БАЙМАҒАМБЕТОВА,

Жамбыл Тараз. – 2018. - 21 қыркүйек (№77). – 6 б.

Яндекс.Метрика