Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерді жиынтықтаған маңызы мол құжат.

    Аталған мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. «Оның бірі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея – болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», – деген болатын. Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Мақаладағы: «Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің хақысы жоқ», – деуі орынды пікір.

    Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі – сананың ашықтығы. Жаһандану үрдісіндегі басты талап – әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.

 

Қарлығаш Тастимирова,

Ш.Уәлиханов атындағы

облыстық әмбебап

ғылыми кітапханасының

өнер жөніндегі

әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі

JAMBYL-TARAZ. - 2019. – 21 тамыз №34. (1531) - 5 б.

Яндекс.Метрика