Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

     Әрбір мемлекеттің болашағы - жастардың қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы - білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас - ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі – ел дамуындағы аса маңызды фактор.          

    Ұрпақ тәрбиелеу - ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез – келген ата-ана өз баласының бірнеше тілді меңгеріп, болашақта білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастауы-мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады.

    Білімді ұрпақ –еліміздің болашағы,ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді.

 

Бейбіт Тоқсанбаева

Ш.Уалиханов атындығы

Жамбыл облыстық әмбебап

ғылыми кітапханасының оқырмандарға

қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

 

Арай. – 2019. – 1  мамыр (№18). – 11 б.

 

 

Яндекс.Метрика