Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бүгінгі таңда Қазақстандағы күрделі әрі маңызды мәселелердің бірі. Осыған орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылысқа қарсы тұруды басты мақсат етіп айқындады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру біздің еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы ретінде қаралады. Соңғы жиырма жылдықта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласында айтарлықтай құқықтық база қалыптастырылды. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту - бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жургізу - тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Өзекті тақырып төңірегінде Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарды жемқорлықтан ада болуға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Сондай-ақ мекемеде Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, кітапхана кызметкерлері арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр.
Жазира БАЗАРБАЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасының абонемент қамтамасыз ету секторының кітапханашысы
JAMBYL-TARAZ.-2019.-6 қараша (№45).-10 б.