Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім.

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақтың 100 оқулығы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

    Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақтың 100 оқулығы» атты оқырмандар конференциясы өтті.    Конференцияны аталмыш кітапхананың оқу залы секторының меңгерушісі Балжан Мырзатаева ашып, жүргізді. Мемлекеттік тілге аударылған оқулықтардың басты мақсаты - жоғары дәрежелі, жоғары сапалы білімнің қолжетімділігі болып табылатындығы.

    - Арнайы жоба «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында Ұлттық аударма бюросы құрылып, қазіргі таңда философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтитын 18 кітап қазақ тіліне аударылды. Еліміздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатары сөзсіз. Адам баласының білімі кітап оқуына орай өсіп, дамып, жетіліп отыратыны анық. Сондықтан қай ізгі іс болсын, кітаптан бастау алса игі, - деді кітапхана қызметкері Балжан Жаңабекқызы.

    Басқосуға Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінін Әлеуметтік- мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Бақтияр Алпысбаев, ТарМПУ «Педагогика және практикалық психология» факультетінің аға оқытушысы Гүлжан Макашкулова, ТарМПУ «Қазақ филологиясы» факультетінің аға оқытушысы Камила Қазақбаева, ТарМУ «Қазақстан тарихы» факультетінің оқытушысы Ақнұр Көбесова қатысты.

    -Ю.Н.Хараридің «Sapiens, яғни адамзаттың қысқаша тарихы» кітабында адамзат, ақша, мемлекет және дін қалай, қашан пайда болды деген сауалдарға жауап іздеген. Кітапта жазылған өткен кезеңдер мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысты суреттеді. Қандай кітап болсын адамның білімінің толысуына ықпал етеді. Әсіресе, шетел әдебиетін оқу арқылы білім көкжиегі кемелдене түсетіні анық. 100 оқулықты аудару - ғылыми контентті көбейтіп, қазақ тілінің ғылыми қорын халықаралық ғылыми лексикамен байытады. Сондай-ақ ЖОО-дағы білім мазмұны әлемдік деңгейге көтеріліп, еліміздегі аударма мектебін дамытуға зор үлес қосады, - деді Ақнұр Смайылқызы.

    Шара барысында мамандар оқырмандарға кітаптардың таңдалу мақсаты мен мазмұнына тоқталып, таныстырып өтті. Жиын соңында кітапхана қызметкерлері арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Құралай ІЗЕТБАЕВА,

JAMBYL-TARAZ.-2019.-6 қараша (№45).-9 б.

 

Яндекс.Метрика