Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі

    Биыл қазаа әдебиетінің алыбы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты кең көлемді мақаласы жарияланды. Сонымен қатар, Президент тансырмасы менхалқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты түрде атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Хакімнің мерейтойына орай, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда Абай шығармалары, ақын жайлы жазылған кітаптар, мақалалар, ғылыми-зерттеу еңбектер қойылған. Ойшылдың мол мұрасына қызығушылар аталған көрмеге көптеп келуде. Кез келген оқырман кітапханаға келіп, ұлы ақынның ұлағатты мұраларымен, ол туралы жазылған еңбектермен таныса алады. Сондай-ақ аталған көрме қатарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы бар.

    Кітапхана қызметкерлері алдағы уақыттарда Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындап, облыстын барлық кітапханасында челлендж эстафетасын жолдайды.

    Сондай-ақ, кітапханашылар жыл бойы аталған жұмыстарды Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне тұрақты түрде жариялап тұратынын айтты. «Кітапхананың кітап қорындағы құнды басылымдарды пайдалана отырып, хакім Абайдың кітаптары мен ақын туралы жазылған еңбектерден бекстейдж әзірленеді. Олар да әлеуметтік желілерге жыл бойы жарияланып тұратын болады. Абай поэзиясы - даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы, оның мол мұрасын жаңаша ұғыну жалғасып, кітапхана өз оқырмандарына

    Абай мұрасын насихаттау жұмысын тыңғылықты түрде жалғастыра береді», дейді кітапхана директоры Эльмира Абдинова.

 

Хамит Есаман

Егемен Қазақстан. – 2020. – 24 қаңтар (№16). – 3 б.

 

Яндекс.Метрика