Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БАҚ

Литературный променад «Достықтың тұғыры бейбітшілікте!»2022-05-03 12:45:31

   1 Мая - яркий весенний праздник - проводится в каждом городе Казахстана, где проходят парады и шествия по центральным улицам городов, а также многочисленные увеселительные мероприятия. Казахстан очень богат культурами разных национальностей.

   В большую семью входят узбеки, уйгуры, немцы, корейцы, кыргызы, китайцы, евреи, грузины и многие другие национальности. Каждый из этих народов уникален, но вместе на...

Толығырақ

Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны2022-04-23 17:00:43

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ғабит Мүсіреповтің туылғанына 120 жыл толуына орай, 5513 әскери бөлімінде жеке құрам арасында «Ғабит Мүсірепов - қазақ әдебиетінің інжу-маржаны» тақырыбында тақырыптық кеш...

Толығырақ

Нес-ағаның шығармашылығын насихаттау қолға алынса...2022-04-19 18:43:33

   Қазіргі қазақ әдебиетіне өзіндік соқпағымен, ерекше жазу стилімен олжа салған бірегей тұлға - жазушы Несіпбек Дәутайұлы. Оның қаламгерге тән ерекше болмысы, ешкімге ұқсамайтын тереңдігі қазақтағы маңдайалды ақын-жазушыларды тегіс мойындатып тастағалы қашан. Әттең, өткен жылдың тамызында мәңгілік сапарға аттанып кете барган жазушының кейінгі толқын қаламгерлерге үйретері, әдебиетке әлі де берері көп еді. Көзі тірі болғанда жазушы биыл 75 жасқа...

Толығырақ

Парасат пен пайым2022-03-29 13:40:34

   Уақыт - зымыран. Бір сәтке де аялдамайды, артына кері бұрылып та қарамайды. Сөйтеді де сені ағалық, даналық жасқа жеткізеді. Құдай ғұмыр берсе ондай жасқа әркім де жетеді. Мәселе нені тындырып, қалай жетуіңде болса керек.

   Қазақстан Республикасы журналистикасының қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыс ардагерлеріне арналған «Ғұмыр-Дария» газетінің директор-бас редакторы, Жаңабай Миллионов мерейлі...

Толығырақ

Қырағы қаламгер, мақсаткер майталман2022-03-29 13:12:30

   Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, Жамбыл облысының ардагерлеріне арналған «Ғұмыр-Дария» газетінің директор-бас редакторы, халықаралық Д.Қонаев қорының облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңабай Миллионов 70 жаста. Осыған орай кеше Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Парасат пен пайым» атты кездесу кешін өткізді.

   Ән мен әсерлі әңгімеге толы кешке журналистің жары...

Толығырақ

Әдебиетке адал қызмет етіп келемін2022-03-16 13:18:36

   Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлын көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық шығар. Ол кісінің әсерлі әңгімелері қай кезде де оқырман жүрегіне жетіп жатады. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үздік қазақстандық және өлкелік шығармаларды өңір тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, кітап оқуды ілгерілету ниетімен жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының, мәдениет қайраткері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері...

Толығырақ

«Бүгінгінің Бейімбет Майлині» облыстық кітапханада К.Сәттібайұлымен кездесу өтті2022-03-16 13:10:45

   Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы үздік қазақстандық және өлкелік шығармаларды өңір тұрғындары арасында кеңінен таныту, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын жастар арасында насихаттау, кітапхана имиджін көтеру мақсатында «Жазушымен бір күн» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Жуырда аталған акция аясында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, талантты жазушы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлының қатысуымен «Бейнелі сөз, бедерлі ой» тақырыбында әдеби жүздесу өтті.

Толығырақ

Өмірдің гүлі, көңілдің жыры – аналар2022-03-09 13:46:15

   Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлін айқындау, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу, аналардың өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі екендігін жеткізу мақсатында өңірдің әлеуметтік дамуына ерекше үлес қосып жүрген әйелдердің қатысуымен «Ана – үміт, Ана – жігер, Ана – азамат» тақырыбында сырласу кеші етті.

Толығырақ

Бүлдіршіндерді жалықтырған ертегілер жобаға енбеді2022-03-09 13:39:21

   Бүгінгі таңда 3-4 жасар бүлдіршіндеріміз ұялы телефонға үңіліп, өзге тілдегі қызықты бағдарламаларды көретіні жасырын емес. Бұл көрініске бейжай қарап жүре беру жақсылыққа апармайды. Қазақтың ұрпағы ұлттық мінезбен тәрбиеленуі тиіс. Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп өткізген елімізге танымал «ORDAGEN» жобасы әзірлеген «ORDA ертегілері» кітабының тұсаукесерінен жоғарыдағыдай ізгі ұмтылысты байқадық.

...

Толығырақ

Балалардың ертеңі - заманауи ертегі2022-03-09 13:35:47

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгілегені бәрімізге аян. Бүгін осы жылдың аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «OrdaGen» балаларға арналған ертегілер жобасы бойынша жарық көрген танымдық оқу құралдарының тұсаукесері өтті.

   Іс-шараға облыстағы зиялы қауым өкілдерімен қатар...

Толығырақ

Дауыс беру

Біздің кітапхананың жұмысын Сіз қалай бағалайсыз?




Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Статистика

Барлық құқықтар қорғалған © 2024

Яндекс.Метрика