Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

 

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

 

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

 

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.

 

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.

 

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

 

Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

 

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

 

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

 

Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.

 

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер. 

 

ҚАУЫРТ ЖЕЛІ

                   «114»

Елімізде деструктивті сипаттағы жалған діни  ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісі жұмыс істейді.

 

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

Егер:

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың немесе діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге қатысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңызға дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегі қажет болса.

 

ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

 

БІЛУІҢІЗ КЕРЕК!!!

Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдіктері жанында ДІН ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ жұмыс істейді.

Мекемелер мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:

- ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

- психологиялық және құқықтық қеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету;

- дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын (қауырт желі) ұйымдастыру, теріс діни ағымдардың әрекетінен зардап шеккен адамдарға психологиялық, консультациялық, заңнамалық және әлеуметтік көмек көрсету;

Аталған мекемелердің мекен-жайларын және телефон номерлерін «114-Қауырт желісіне» хабарласып білуге болады.

                                        ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

Flaery-kz.docx

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама.doc

 

 

Яндекс.Метрика