23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. Өкінішке орай, бүгінгі күні дүние жүзіндегі 774 миллион адам кітап оқып, жазу жаза алмайды. Олардың 4/3 бөлігі – Сахараның оңтүстік аймақтары мен Азияның оңтүстік-батыс тұрғындары және басым көбі әйелдер.
Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні туралы идея 1995 жылдың 23 сәуірі күні пайда болған екен. Қазір бұл күн 100-ден астам елді қамтып отыр. Идеяның мақсаты – әлемдегі кез келген жастағы адамдарды кітап оқуға ынталандыру. ЮНЕСКО бекіткен осы күн жетістігінің арқасында кітап өндірісінің негізгі үш саласын ұсынатын халықаралық ұйымдар ( Халықаралық баспагерлер қауымдастығы, Халықаралық кітап сатушылар федерациясы және Кітапхана қауымдастығы мен мекемелердің халықаралық федерациясы) жыл сайын бір жыл мерзімге бүкіләлемдік кітап астанасын таңдайды. 2015 жылы бүкіләлемдік кітап астанасы Корея Республикасының Инчхон қаласы болды. Комитет таңдауы бойынша, Инчхон «... кітапты және кітап оқуды баспа саласына қатысы бар барлық мүдделі тараптар арасында танымал етудегі бағдарламасы мен ықпалы үшін, Инчхон тұрғындары мен корейлердің баспа және сандық полиграфия ісіне қол жеткізуіне жағдай жасағаны үшін» таңдалған. Дүние жүзіндегі мыңдаған адамның Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне арналған жоспарлары бар. Кітап оқуға бөлетін жеке уақыттан бөлек, авторлар мен иллюстраторлардың мектеп, кітапхана және кітап дүкендерін аралауға арналған кестесі бар. Кейбір қалаларда қалалық оқу тәжірибесі қалыптасқан: қала тұрғындары бір кітапты алдын ала оқып алып, соны талқылайды. Қоғамды біріктіретін немесе оны қуатты ететін идеялары бар кітаптар таңдалады. Отбасылық оқу күндерін де өткізуге болады. Ол кезде отбасы мүшелерін белгілі бір қоғамдық орынға, мысалы, кітапхана, мектеп, кітап дүкеніне немесе саябаққа шақырып, басқа кітапсүйер қауым арасында кітап оқуды ұсынады. Бұл жерде әркім кітап оқудан қуанышқа бөлене алады. Оқуға қатысты ойындар өткізіледі, сүйікті шығармасына сәйкес тағамдар ұсынылады. Отбасы мүшелері үйге жиналып, кітап оқып, өздеріне ұнаған оқиға немесе кітаптар жайлы баяндап, жанұялық кітап оқу дәстүрін қалыптастырса тіпті керемет болар еді. Кітап оқуды дәріптеу үшін 23 сәуір күні сіз не істемексіз? Кітап оқу шаттығымен бөлісіп, басқалар да оның бағалы кезең екенін Бүкіләлемдік кітап күнінде ғана емес, күн сайын сезінсе дейсіз бе? Олай болса, Жер бетінің барлық бөлігіне кітап оқу қуанышын таратайық! Сол кезде біздің қаламыз да бүкіләлемдік кітап астанасы болады деп сенеміз! Осы орайда, кітапсүйер оқырманға Жамбыл облыстық мемлекеттік кіт апхана лар торабында 288 кітапхана, оның ішінде аудандық - 277, қалалық - 8, облыстық 3 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Облыс бойынша 607 кітапханашы оқырмандар үшін қызмет етуде. Ол жерлерде кітап қорының саны 3 445409 болса, оның 1 648188 данасы мемлекеттік тілде. Өңірдің осыншама кітапханасына ағымдағы жылдың І тоқсанының нақты есебі бойынша 2498574 оқырман келіп, 4788289 дана кітап алған. Аймақтың 288 кітапханасының жұмысын бір жүйеге келтіріп отырған Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының орны ерекше деп айтуға болады. Бүгінде ол кітапхана мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, болашақ ұрпаққа еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма бес жыл ішінде орын алған мемлекеттік, қоғамдық және рухани маңызы бар оқиғалардың маңыздылығын жеткізу бағытында жұмыс атқарып келеді. Іргесі 1898 жылы қоғамдық кітапхана болып қаланған кітапхананы бүгінде Эльмира Абдинова басқарады. Алғашқыда кітапхананың кітап қорында 460 дана кітап, 4 газет, 10 журнал болған болса, қазіргі таңда кітап қоры - 238306 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 65071 дана басылымды құрайды. Олардың басым көпшілігі қоғамдық-саяси, филология, тіл білімі ғылымдары аясындағы басылымдар және көркем әдебиет. Сондай-ақ 43 кітапханашы жылына 17700-ге жуық оқырманға қызмет көрсетіп, кітап берілімі 426000 басылымнан асады. Жы- лына кітапханада оқырмандарды кітап оқуға тартуда 200 көпшілік- мәдени іс-шаралар өткізіледі. Эльмира Елеусізқызының айтуынша, кітапхана өңір тұрғындарының жан- сусарына, білімнің кәусар бұлағына, оқу-өнер ошағына, алып ақпарат орталығына айналдыру, жаңа технологиялар негізінде жұмыс жасай отырып, сан қырлы іс тетіктерін тауып, өңірдің рухани пәрменін арттыру, кітапханадағы халыққа ортақ қазына ретінде сақталған бай мұраны өлке тұрғындарының игілігіне айналдыру мақсатында жұмыс жасауда.
Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын жария етті. Оның 18-ші тапсырмасында 2012-2014 жылдары қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу міндеті жүктелді. Осы мақсатта, 2012 жылдан бері жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, шығармаларының электрондық көшірмелері сандықталуда. Бүгінгі күні 25 жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, шығармаларының электрондық көшірмелері кітапхананың сайты- на орналастырылды. Мекемеміз «Бабалар ісі өнеге, сөзі өсиет», «Бақытың да, байлығың да – денсаулық», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер» атты ұзақ мерзімді мақсатты кітапханалық бағдарламалар аясында жұмыс жасап келеді. Тұрғындарды кітап оқуға бау- лу мақсатында Тараз қаласының оқу мекемелерін, мәдениет мекемелері, Қазақстан халқы Ассамблея- сы мен этномәдени орталықтар, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты, «Білімгерлер мен жастардың «Қазақстанның болашағы үшін» Тараз бірлестігі», «Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жастар орталығы» жастар бірлестігі, «Елім-ай Достық» және «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестіктері, Тараз қаласының «По- коление» азаматтық қозғалысы және басқа да құрылымдармен серіктестік және келісімдік тұрақты қарым- қатынас орнатып отырмыз, – дейді Эльмира Абдинова.
Дайындаған Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ.
Жамбыл-Тараз.-2017.-19сәуір (№16).-10б.