Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

«Оқуға құштар оқырман» - оқу марафоны2024-04-26 08:46:18

   «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалінде«Оқуға құштар оқырман» - оқу марафоны: өңір кітапханалары оқырмандарының арасынан таңдалған «Үздік оқырман – оқуға құштар оқырман», яғни 2023 жыл ішінде ең көп кітап оқыған 12 оқырманды марапаттады.

Толығырақ

Татарстаннан келген қонақтары2024-04-26 08:35:20

   Кітапханамызға арнайы Татарстан Республикасынан Мансуров Роберт Мияссарович, Мансурова Айсұлу Радифовна, Салахов Расых Фарукович қонақта болып, мекеме бөлімдері, коворкинг, бродкастинг және реллакс орталықтары, сонымен қатар жалпы кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты.

Толығырақ

«Ұлт жүрегінен орын алған» тақырыбында бренд-автор шоу 2024-04-25 15:21:30

   Кітапхана көрнекті ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің 70 жас мерейтойына орай «Ұлт жүрегінен орын алған» тақырыбында бренд-автор шоу ұйымдастырды.

   Өз поэзиясында жаратылыс, тұмса табиғат пен жан-жүрек, сана-сезімнің екеу ара үйлесімін тереңнен толғайтын сезімтал да ойшыл ақынның туындылары, лирика мен балладалары Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтағы демалушыларға таныстырылды.

Толығырақ

«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL BOOK FEST – КІТАП ФЕСТИВАЛІ ЕКІНШІ КҮНІ2024-04-24 17:44:06

 Кітапхана саласы мамандарының қатысуымен «Заманауи әлемдегі кітапханалардың дамуы мен трансформациялануы (өзгеруі)» кітапханалық парковка өтті.

Толығырақ

«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі 2024-04-23 18:25:26

   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі өтуде. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және...

Толығырақ

«Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында ашық есік күні 2024-04-19 14:55:59

   Бүгін кітапханада «Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында ашық есік күні өтті.

   Ашық есік күнінде кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптар мен қолжазбалар, сондай-ақ жаңа түскен әдебиеттер және электрондық  басылымдар жайында оқырмандарға ақпараттар беріліп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған орталықтар таныстырылды.

Толығырақ

«Жастар саясаты ел ертеңін айқындайды» кітапханалық тусовка 2024-04-18 17:59:04

   Бүгін кітапханада Халықаралық жастардың ынтымақ күні орай «Жастар саясаты ел ертеңін  айқындайды» кітапханалық тусовка өтті.

   Іс-шараға Жамбыл облыстық Желтоқсан ұшқыны қоғамдық бірлестігінен Кеншинбеков Талғат, Мырзабай Сәкен және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Болашақ» медициналық колледжінің білімгерлері қатысты.

   Келген қонақтар бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де,...

Толығырақ

«Тағдырымның тартуы» тағылым сағаты2024-04-18 09:24:15

   Кітапхана Өмірбек Байгелдінің туғанына 85 жыл толуына орай «Тағдырымның тартуы» тағылым сағатын ұйымдастырды.

   Тараз политехникалық колледжінің білімгерлеріне кітапхана қызметкерлері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, облысымыздың Құрметті азаматының саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнағаны, көптеген жауапты қызметтерді абыройлы атқарған, ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет еткен бірегей тұлға Өмірбек Байгелді ағамыз жайлы ақпарат берді.

   Қазақ елінің...

Толығырақ

Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы2024-04-17 15:56:48

   Бүгін Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы арнайы кітапханаға келіп, бөлімдерді аралап кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия жасады.

Толығырақ

«Ескерткіштер - ел тарихы» әдеби эссе 2024-04-17 14:56:26

   Бүгін  кітапханада 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер - ел тарихы» тақырыбында әдеби эссе  өтті.

   Кешке арнайы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих кафедрасының» аға оқытушысы, тарих магистрі Кобесова Ақнұр Смайылқызы, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Асылжан Дулати, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау...

Толығырақ
Яндекс.Метрика