Жаңалықтар
«Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында кітап көрмесі2024-03-02 18:17:05
Кітапхана қызметкерлері Достық үйі ғимаратында қазақстандық патриотизм мен бірлікті, достықты насихаттайтын «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында кітап көрмесін жасақтады.
Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, бірлігі, ұлттық құндылықтары, жетістіктері, Қазақстанда тұрып жатқан этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениеті, достастығы туралы кітаптар қойылды.
Кітапхана қонақтары2024-02-29 14:20:17
Сарбаздар мен студенттер кітапхананың тыныс-тіршілігімен, кітап қорымен танысты.

«Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» Достық алаңы 2024-02-29 14:09:44
Кітапханада 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбында Достық алаңы ұйымдастырылды.
Кеш барысында арнайы шақырылған «Қазақстандық татар және башқұрттар...
Толығырақ«Мотивация, сыни ойлау» 2024-02-28 17:54:52
Кітапханада «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігі «Access Program» әлеуметтік жобасы аясында ағылшын тілін үйренуге арналған «Мотивация, сыни ойлау» тақырыбында 13-15 жас аралығындағы 30 жасөспірім үшін тиімді қарым-қатынас дағдылары туралы сабақ өтті.
Толығырақ«Ақпарат таратудың тиімді тәсілдері» семинар-тренинг2024-02-28 17:44:32
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпаратқа жауапты маманы Тубаева Жансая Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ақпарат таратудың тиімді тәсілдері» тақырыбында өткен семинар-тренингке қатысты.
Семинар барысында «Ақпарат таратудағы жаңа технологиялар: SMM және мобилография әліппесі», «Ақпараттық Қазақстан: жаңа медианың дамуы» тақырыптарында спикерлер толыққанды ақпарат беріп, егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Жиын...
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары»2024-02-28 17:30:44
Кітапханада «Өрлеу»«БАҰО» Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.


«Өзбекәлі және Мәдени майдан» атты конференция 2024-02-28 17:13:34
Кітапханада «Тараз жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың еңбегі мен ерлігіне арналған «Өзбекәлі және Мәдени майдан» атты конференция өтті.



«Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған рөлдік ойын» тақырыбында семинар-тренинг 2024-02-28 16:56:44
Кітапханада «Өрлеу»«БАҰО» Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін «Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған рөлдік ойын» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.



КІТАПХАНА ҚОНАҚТАРЫ – АТЫРАУ ОБЛЫСЫНАН КЕЛГЕН ӘРІПТЕСТЕР2024-02-23 15:09:08
Бүгін кітапханамызға арнайы жұмыс сапарымен Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Измұханбетова Сара Салахединқызы және осы облыстың балалар кітапханасының директоры Утеугалиева Перизат Қайыржанқызы қонақта болып, мекеме бөлімдері, коворкинг, бродкастинг және реллакс орталықтары, сонымен қатар жалпы кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты.
WEB-РАБИС бағдарламасының модульдері: «Каталогизатор», «Комплектатор», «Тапсырыс» практикалық сабақ2024-02-22 17:42:09
Кітапханада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлеріне WEB-РАБИС бағдарламасының модульдері: «Каталогизатор», «Комплектатор», «Тапсырыс» модульдері бойынша құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру жұмысымен танысып, WEB-РАБИС бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасты.

