Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БАҚ

Ақынды ардақтайтын – елі2021-03-05 16:24:24

   Серік Томанов біз білетін көп ақынның бірі емес. Ол - өлеңді, өнерді пенделіктен биік қойған, өмір мен өлеңнің арасынан шындық іздеген тағдырлы ақын. Таластан шыққан тума таланттың өзегін жарып шыққан ғазал жырдың кез келгені жанды болуы - өлеңнің шындыққа құрылуында жатыр. Сондықтан да ақынның қай өлеңі де өміршең.

   Небәрі 47 жыл ғана ғұмыр кешсе де өз...

Толығырақ

Патриотизмді нығайту - басты мақсат 2021-03-03 16:19:35

  

   Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Тәуелсіздік құрдастары мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылардың қатысуымен  «Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбында конференция өтті.

    Жиында алғаш сөз алған филология ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығынын директоры Сәмен Оразғалиұлы найзаның ұшымен, білектің күшімен келген азаттық таңына дейінгі еліміздің тарихына, тәуелсіздікке бастаған елеулі оқиғаларға тоқталып өтті....

Толығырақ

Ақын мұрасы насихатталды2021-03-02 10:54:50

   Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған апталық аясында Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өлең сөздің даңғылы – бар қазақтың Жамбылы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

   Жергілікті ақындардың басын қосқан жиында Ғабит Есдәулетұлы, Нұржан Қадірәлі, Жұлдыз Бейсек ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау шығармаларының көркемдік қуаты жайлы ой толғаса, Дидар Апбасов, Шапағат Әбдір, Жұматай Көксубайұлы...

Толығырақ

Творчество великого поэта не теряет актуальности2021-02-24 15:55:19

 

   Жамбылской областной универсальной научной библиотеке имени Ш. Уалиханова при поддержке управления культуры, архивов и документации состоялась творческая встреча местных поэтов с юными читателями, посвященная 175-летию великого казахского поэта Жамбыла Жабаева.

   Целью мероприятия стала пропаганда духовного наследия поэта, его бесценного творчества среди молодежи. К слову, читатели районных библиотек тоже приняли участие во встрече дистанционно.

Толығырақ

Жамбыл мұрасы насихатталды2021-02-24 15:51:28

   Биыл қазақ поэзиясының дүлдүлі, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Осыған орай ақын атын арқалаған облысымызда Жамбыл апталығы өтуде.

   Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өңір ақындары мен әдебиетсүйер қауым бас қосты. Ақыл мен білім ордасында әдеби кештер, мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде өтетінін көпшілік біледі. Бірақ бұл жиынның жамбылдықтар үшін орны ерекше, маңызы бөлек болды. Алдымен...

Толығырақ

«Ұлы Дала» ұғымы - ұлы ұғым2021-02-22 17:10:58

   Тәуелсіздігіміздің тұғыры көтеріліп, көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды асқақтата шырқап келе жатқанымызға биыл 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде мемлекеттілігіміздің мәңгі салтанат құруына аянбай тер төгіп, көш бастаған кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген Жолдаулар мен жарғылар, бағыт-бағдар мен бағдарламалық мақалаларды көпке ұсынып келе жатыр.

   2018 жылдың 21 қарашасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының заңды түрде...

Толығырақ

Бәрі де тәуелсіздіктің арқасы2021-02-19 15:19:34

   Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Жиында өңірдегі сан салада еңбек етіп жүрген теуелсіздіктің құрдастары бас қосып, егемендіктің ертеңі, жарқын болашағы турасында жоспар-ұсыныстарымен бөлісті.

    Ең алдымен сөз тізгіндеген филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ жыл басында жарық көрген Мемлекет...

Толығырақ

Парасаттылық парақорлықтан сақтандырады2021-02-19 14:05:22

   Жемқорлықты түп-тамырымен жою - күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған бүл індетпен күресуде қарқынды жұмыстар атқарудамыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі - халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу, қылмысқа итермелейтін қауіпті әрекеттерді болдырмау, азаматтардың сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату.

Толығырақ

Адалдық жолында2021-02-11 11:43:37

Жуырда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылған болатын.

   Нәтижесінде парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, кітапханалар базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды. Аталмыш жоба бүгінгі таңда Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық...

Толығырақ

80 томдық кітапханада талданып жатыр2021-01-11 10:34:09

    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында, облысымыздың 80 жылдығына орай «Тараз мұралары» тарихи-танымдық көптомдық жинақтарын дайындау жөнінде жұмысшы тобы құрылған болатын. Ол топ тарих және әдебиет бағытында ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізіп, 80 кітапты әзірлеп шығарған.

   Жақында аталған жұмысшы топ мүшелері Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап...

Толығырақ
Яндекс.Метрика