Новости
Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 85 жылдық мерейтойына орай «Цифрлы қоғам және кітапхана» атты республикалық кітапханашылар конференциясы өтуде2025-11-07 13:02:22
Кітапхана саласындағы заманауи үрдістер мен цифрландыру дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер, инновациялық тәжірибелерді талқылауға арналған кәсіби алаңға еліміздің 10 өңірінен 300-ден астам кітапханашы жиналды.
Конференцияның ашылу рәсімі А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры актерлерінің «Тараз шайырлары» атты театрландырылған прологымен басталды. Шара барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ісінің дамуына зор үлес қосқан үздіктерге арнайы марапаттар табыс...
Подробнее«ТУҒАН ЖЕР ЖЫРШЫСЫ» КІТАППЕН СҰХБАТ2025-11-03 18:15:12
Кітапхананың ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде қазақ сөз өнерінің көрнекті өкілі, журналист, жазушы, ақын — Кәрібай Ахметбекұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Туған жер жыршысы» кітаппен сұхбат өтті.
Кәрібай Ахметбекұлы - қазақ руханиятының айнасы іспетті тұлға. Білімгерлерге автордың «Ақдала» роман-дилогиясы, «Қасірет» романы, «Сый орамал», «Жеңіс сарбазы», «Жалаулы жасыл дүние», «Седая степь», «Егіз қайық» повесть және әңгімелері таныстырылды.
... Подробнее«ӘДЕБИ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ2025-10-28 18:34:16
Бүгін кітапханада «AMANAT» партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Әдеби мұра – ұрпаққа аманат» әдеби кездесу өтті.
Жазушының туындыларының өзегі — адамгершілік, ұлттық сана, рухани азаттық, табиғат пен адам үйлесімі, тарих пен тағдыр. Сондай-ақ ол қоғамдағы рухани дағдарысты, ұлттық тамырдан ажыраған адамның ішкі трагедиясын бейнелейтіндігін кеш қонақтары айта өтті.
... Подробнее25 қазан – Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай кітапхана қызметкері марапатталды2025-10-28 18:32:27
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай 25 қазан – Ұлттық мереке, Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай ардагерлер мен сала қызметкерлерін құттықтады.
Жиын соңында кітапхананың Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Жұманова Сәрсенкүл Асқарқызы Қазақстан Кітапханалар Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.

«САРҚЫЛМАС ПАРАСАТТЫҢ САРАЙЫ» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ2025-10-28 18:29:48
24 қазан — Кітапханашылар күніне орай кітапханада «Сарқылмас парасаттың сарайы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың қоғамға қосқан үлесін атап өту мақсатында өткізілді.
Кеш барысында кітапхана ұжымын арнайы құттықтаған қонақтар қатарында:
• «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы,
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Копдикбаев Болат...
ПодробнееКітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті.2025-10-28 18:27:32
Кітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы әйелдің рөлін арттыру, гендерлік теңдік пен отбасы құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік және саяси белсенділігін дамыту болды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, партия мүшелері, белсенді әйелдер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар әйелдің заманауи қоғамдағы орны, кәсіпкерлік пен...
Подробнее«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ҒАЛЫМ, САЯХАТШЫ, АҒАРТУШЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ2025-10-28 18:25:43
Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Шоқан Уалиханов – ғалым, саяхатшы, ағартушы» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференция аясында кітапхана қызметкерлері «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» көрме ұйымдастырып, ғалымның еңбектеріне библиографиялық шолу жасап, оқырмандар назарына ұсынды.

«БОСТАНДЫҚ ЖЫРЫНЫҢ БОЗ ЖОРҒАСЫ» ФЭН-БУМ КЕШІ2025-10-28 18:24:11
Қазақ поэзиясының өр тұлғасы, еркіндік пен елдік рухтың жыршысы – Несіпбек Тұрысбекұлы Айтовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Бостандық жырының боз жорғасы» фэн-бум кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара ақынның елдік рухты асқақтатқан шығармашылығын насихаттауға, жас буынды поэзияға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталды.

«25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТАРИХ ҺӘМ ДЕРЕК» ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 2025-10-28 18:22:27
25 қазан -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің маңызды сәті болып саналатын Республика күніне орай, кітапханамызда «25 қазан-Республика күні: тарих һәм дерек» оқырман конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция барысында қатысушылар Республика күнінің тарихына, оның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталды. Басты назарда Қазақстанның егемендікке дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдер болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа тарихында Республика күнінің алған орны ерекше атап өтілді. Әрбір қатысушы...
Подробнее«ӨМІРІ ӨНЕГЕ, ӨНЕРІ ҚАЗЫНАҒА АЙНАЛҒАН АҚЫН» ГРАНД-ШЕБЕР КЕШІ2025-10-28 18:20:51
Белгілі ақын, жауынгер, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Өмірі өнеге, өнері қазынаға айналған ақын» гранд-шебер кеші өтті.
Іс-шара барысында жыр алыбының өмір жолы мен шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылып, ақынның асқақ рухы мен елдік мұратын айшықтайтын туындыларына шолу жасалды.
