Новости
«ЖАРҚЫРАҒАН ШОҚ ЖҰЛДЫЗ» ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ2025-11-20 16:55:34
Биыл қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, ағартушы, этнограф Шоқан (Шыңғыс) Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Жарқыраған шоқ жұлдыз» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты тарихи тұлғалардың еңбегін тереңірек тануға баулу.
Конференция барысында қатысушылар ғалымның ғылыми зерттеулеріне, Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихына байланысты еңбектеріне, сондай-ақ оның саяхаттық күнделіктеріне...
Подробнее«АРХИВ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫМЕН ҚҰНДЫ» АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА2025-11-20 16:49:15
Бүгін «Архив жариялылығымен құнды» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өтіп, онда архивтердің ашықтығын арттыру, құжаттық мұраны тиімді пайдалану және қоғаммен байланыс орнатудың заманауи тәсілдері талқыланды. Шара барысында сала мамандары архив құжаттарына қолжетімділікті кеңейту, цифрландыру жұмыстарының қарқыны, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара қорытындысында архив құжаттары негізінде жарық көрген 173 дана кітаптарды кітапхана қорына сыйға берді.
Іс-шара оқырмандарға...
Подробнее«ДАЛА МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІН ТОҒЫСТЫРҒАН ДАРЫН» ТҰЛҒАТАНУ КЕШІ2025-11-20 16:28:51
Н.Тілендиев атындағы Жамбыл облыстық мектеп-интернатында Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткері, дирижер, ұлағатты ұстаз, публицист, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Дала мәдениеті мен өркениетін тоғыстырған дарын» тақырыбында тұлғатану кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында өнер майталманының өмір жолы, шығармашылық мұрасы, отандық мәдениеттің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі жан-жақты дәріптелді. Қатысушылар ұлт музыкалық өнерінің қалыптасуына...
Подробнее«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ» КІТАП КӨРМЕСІ 2025-11-20 16:11:47
15 қараша - Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күніне орай М.Х.Дулати Тараз университінде «Ұлттық валюта - мемлекетіміздің мәртебесі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында білімгерлер ұлттық валюта тарихымен, оның даму жолымен және еліміздің экономикалық тәуелсіздігіне қосқан рөлімен танысты.

«ҚАНТ ДИАБЕТІ ҚАНДАЙ ДЕРТ?» CҺECK-UР 2025-11-20 16:04:55
14- қараша Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қант диабеті қандай дерт?» check-up форматындағы іс-шара өтті.
Шара барысында қант диабеті бойынша көрсеткіштердің артуына ықпал ететін себептер, аурудың алдын алу жолдары дерттің ерте анықталуының маңызы, адам денсаулығына тигізетін әсерлері мен қауіп факторлары туралы жан-жақты ақпарат айтылып, қатысушыларға кеңінен мағлұмат берілді.
«ТАУ ТҰЛҒА, ДАРА ТҰЛҒА – БАУЫРЖАН» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ2025-11-20 16:01:26
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының даңқты ұлы, аты аңызға айналған батыр, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын дәріптеу, оның тұлғалық болмысын жас ұрпақтың бойына үлгі ету.
Облыс көлемінде өткен «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» шығармашылық байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетіп, қатысушылардың жұмыстары арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауынан өтті.
Әділқазылар алқасы құрамы: Мұқашев Темірбай Әліұлы -...
Подробнее«ЖАНАРЫММЕН ЕМЕС, ЖАН ЖҮРЕГІММЕН СЕЗЕМІН» ЖҮРЕКЖАРДЫ ӘҢГІМЕ КЕШІ ӨТТІ2025-11-20 15:58:58
Кітапханада 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай «Жанарыммен емес, жан жүрегіммен сеземін» жүрекжарды әңгіме кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – көру қабілеті шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысын насихаттау, қоғамда инклюзивті сана қалыптастыру және мейірімділік пен қамқорлық сезімін арттыру болды.
Кеш барысында қатысушылар зағип жандардың өмірлік тәжірибесімен танысып, олардың рухани әлеміне үңіліп, адамгершілік, қамқорлық сынды құндылықтар туралы ой бөлісті.
«ТОЛЕРАНТТЫҚ - ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ» КЕЗДЕСУ ШАРАСЫ ӨТТІ 2025-11-12 17:15:23
Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 30 жыл толуына орай «Толеранттық - татулықтың белгісі» тейбл-толк форматындағы кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойында өзара сыйластықты, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы толеранттылық қағидаттарын дәріптеу болды.
Кездесу барысында оқырмандарға толеранттылықтың мәні мен маңызы түсіндіріліп, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, адамгершілік, мейірімділік, бейбіт өмір мен достық...
Подробнее«БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ – БАТЫР ТҰЛҒА» ТҰЛҒАТАНУ2025-11-12 17:08:23
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды!» – деп ұлттың намысын ұран еткен даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» тұлғатану шарасы өтті.
Іс-шара барысында М.Х.Дулати Тараз Универсистеті, Тараз политехникалық колледжінің білімгерлері мен оқытушыларына батырдың өмір жолы, қаһармандық ерлігі мен дана ойлары айтылып, «Бауыржан Момышұлы – Халық Қаһарманы» атты бейнеролик көрсетілді.
«ЦИФРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ КІТАПХАНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ2025-11-07 13:07:53
«Цифрлы қоғам және кітапхана» республикалық кітапханашылар конференциясы Жамбыл ауданының орталық кітапханасында жалғасты.
Іс-шараның модераторы – Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы. Конференцияға Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Сағынова Нұрлыгүл Аяпқызы және еліміздің басқа да өңірлерінен кітапхана саласының өкілдері қатысуда.
Басқосу барысында кітапхана...
Подробнее