Новости
Арылмас мұңым бар менің...2021-04-14 18:27:46
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында «Ұлбике ақын» атындағы Талас аудандық мәдениет үйінде ауыл-аймақ тұрғындары арасында шын жазуды, шындықты жазуды серт еткен, тілі түймелі, сөзі күймелі тағдырмен тайталасқан жырлардың авторы Серік Томановтың шығармашылығын насихаттау, жырларын паш ету мақсатында «Арылмас мұңым бар менің...» еске алу кешін ұйымдастырды.
Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз2021-04-10 19:14:21
Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастауымен Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз» кітап инсталляциясын ұйымдастырды.
Қала тұрғындары мен жастарды кітап оқуға баулу, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған кітап инсталляциясында тәуелсіздік алған...
ПодробнееҚала жастарына ашық аспан астындағы кітап көрмесі 2021-04-10 14:39:25
Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жетістікке жеткен жастар арасындағы кездесуде Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімін ояту мақсатында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық аспан астында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Подробнее
Сұлу саздың зергері2021-04-09 17:33:24
«Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, ақын, аудармашы, «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шөмішбай Сариевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Сұлу саздың зергері» ән кешін ұйымдастырды.
Іс-шараға «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша...
ПодробнееҚазақстан: ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысында2021-04-08 15:19:03
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тараз қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта орналасқан «Желтоқсан-86» орталығында Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан: ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысында» жастар форумын ұйымдастырды.
Іс-шараға Тараз мамандандырылған, қалалық техника және бизнес колледждерінің студенттері қатысып, Тәуелсіздік туралы толғаныстарын, тақырыпқа байланысты жыр жолдарын ұсынды.
Еліміздің...
ПодробнееАшық аспан астындағы кітап көрмесі2021-04-05 09:23:31
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Желтоқсан - 86" Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласының орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің мақсаты - өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімін ояту, жастарды кітап оқуға шақыру. Қала тұрғындары Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері,...
ПодробнееБерік Шаханұлының шығармалары насихатталды2021-04-02 11:48:05
«Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, қазақстандық жазушы, аудармашы Берік Шаханұлының туғанына 80 жыл толуына орай ойтолғам өткізді.
Іс-шараға республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі,...
ПодробнееҚазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары руханият ордасында2021-04-01 17:58:38
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Сәуле Назырова Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жұмысымен танысты.
Арнайы жұмыс сапарымен келген Сәуле Сапабекқызына кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрландыру» жобасы аясында сирек кездесетін кітаптарды цифрландыру, сонымен қатар «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» мен «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар»...
ПодробнееТазалық – денсаулық кепілі2021-04-01 10:47:56
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тіс дәрігері, «NurStom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрсұлтан Сауқымбековпен «Тазалық – денсаулық кепілі» онлайн кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Сауқымбекұлы тіс күтімі, алдын-алу шаралары, ортопедиялық стоматология, хирургиялық стоматология тақырыбына кеңінен тоқталды.
«Емделушілердің дені тісі қатты ауырып, күрделі емделуді қажет ететін кезде қаралады. Негізі ересек...
ПодробнееӘсем Сағиқызы кітапхана жұмысымен танысты2021-03-31 17:53:02
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз хатшысы Әсем Сағиқызы жұмыс сапары барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхананың барлық құрылымдық бөлімдері атқаратын қызметімен танысты.
Кітапхана қонағына мекеме басшысы Эльмира Елеусізқызы оқырман игілігіне орай ашылған орталықтарды көрсетіп, цифрландыру аясында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың тиімділігіне тоқталды.
Бұдан бөлек, Әсем Сағиқызы...
Подробнее