Жаңалықтар
«ОЙЛАСАҢ ӨТКЕН КҮНДІ АЙТАДЫ ЖЫР...» ӨНЕР КЕШІ2025-10-28 18:18:44
Халық ақыны, дәстүрлі жыр өнерінің дара тұлғасы Иса Байзақұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Ойласаң өткен күнді айтады жыр...» атты өнер кеші ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.
Кеш оқырмандарға рухани азық сыйлап, өткен ғасырдағы жыраулық мұра мен бүгінгі буын арасындағы алтын көпірге айналды.

«АҚША БҰЛТҚА АЙНАЛҒАН АБЫЗ АҚЫН» ӘДЕБИ ЖУРНАЛ2025-10-28 18:17:09
Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Әбу Сәрсенбайұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Ақша бұлтқа айналған абыз ақын» тақырыбында әдеби журнал өтті.
Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, жырларынан үзінділер оқылды.

«ЖАУҚАЗЫН ҒҰМЫР» АТТЫ ӘДЕБИ ПОРТРЕТ2025-10-28 18:15:28
Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жауқазын ғұмыр» атты әдеби портрет өткізілді.
Іс-шара барысында Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы деректі материалдар ұсынылды, батыр қыздың майдан даласындағы ерлік жолдары баяндалды.
Әдеби портрет жастарды отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеуде, ұлт мақтаныштарының ерлік жолын насихаттауда үлкен рөл атқарды.
«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА БІТКЕН ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» ШОҚАН АСУЛАРЫ 2025-10-28 18:13:44
Кітапхана қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Шоқан асулары» кітапханалық жобасы аясында қазақтың әр алуан көкжиегінде өшпес із қалдырған жарық жұлдызы, талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы - географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз» Шоқан асулары тақырыбында мазмұнды шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір...
ТолығырақЖазушы Пернебай Дүйсенбиннің «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» кітабына әдеби шолу өтті2025-10-13 17:57:05
Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, «Дарабоз» сыйлығының екі дүркін иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» кітабына әдеби шолу өтті.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл кітапта балаларға арналған әңгімелер, қиял-ғажайып ертегілер, мифтік-фантастикалық хикаяттар топтастырылған.
"Ақбоз", "Көкжал", Жансая апа және төрт ноян" атты мифтік-фантастикалық хикаяты, "Есен-сау жүріңізші, асыл ата" повестері таныстырылды.
«Құндылық кілті – келісім мен татулық» Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы айлығы аясында маңызды кездесу өтті2025-10-13 17:53:55
18 қазан – Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне орай, «Құндылық кілті – келісім мен татулық» атты кездесу ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық діни басқармасы мамандары қатысты.
Кездесу барысында қоғамдағы рухани тұрақтылық, дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық тақырыптары кеңінен қозғалды. Мамандар діннің адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы орны, жастар тәрбиесіндегі маңызы және діни сауаттылықты арттыру жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шараның басты...
Толығырақ«ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ -БАУЫРЖАН » БАУЫРЖАНТАНУ САҒАТЫ2025-10-06 17:57:23
Кітапхана Жамбыл облысы тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы -Бауыржан » атты Бауыржантану сағатын...
ТолығырақКонституция қабылданғанына 30 жыл: «Мемлекеттің берік тұғыры» атты жастармен кездесу өтті2025-08-26 18:10:44
Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Тараз қаласында «Мемлекеттің берік тұғыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара жастардың ел тарихына деген құрметін қалыптастыру, мемлекеттік құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезім мен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторының меңгерушісі Каленова Ұлжан Медербекқызы, «Асыл Арман» өнер ұжымы, №3...
Толығырақ«АҚИҚАТТАН АТТАУҒА БОЛМАЙДЫ» КІТАБЫНА АРНАЛҒАН «ТАРИХТЫҢ ТӨРІНДЕГІ ТҰЛҒА» ОЙ ТАЛҚЫ КЕШІ ӨТТІ2025-08-26 18:02:19
Кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тұлға – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың естелік эсселерінен құралған «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабына арналған «Тарихтың төріндегі тұлға» ой талқы кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, жазушы, журналист,...
Толығырақ«НАЗДЫ ӘУЕН ӘЛДИЛЕНГЕН БЕСІГІМНЕН...» BOOK-PARTIES 2025-08-26 17:58:50
Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, әдебиет зерттеушісі, өнер тарланы Тәкен Әлімқұловқа арналған «Назды әуен әлдиленген бесігімнен...» атты BOOK-PARTIES өтті.
Кітапхана қызметкерлері саябақ демалушыларына қазақ прозасының көрнекті өкілі Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық мұрасын, ұлттық өнер, күй, музыка тақырыбындағы туындыларымен таныстырды.
