Жаңалықтар
«ТАУ ТҰЛҒА, ДАРА ТҰЛҒА – БАУЫРЖАН» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ2025-11-20 16:01:26
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының даңқты ұлы, аты аңызға айналған батыр, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын дәріптеу, оның тұлғалық болмысын жас ұрпақтың бойына үлгі ету.
Облыс көлемінде өткен «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» шығармашылық байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетіп, қатысушылардың жұмыстары арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауынан өтті.
Әділқазылар алқасы құрамы: Мұқашев Темірбай Әліұлы -...
Толығырақ«ЖАНАРЫММЕН ЕМЕС, ЖАН ЖҮРЕГІММЕН СЕЗЕМІН» ЖҮРЕКЖАРДЫ ӘҢГІМЕ КЕШІ ӨТТІ2025-11-20 15:58:58
Кітапханада 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай «Жанарыммен емес, жан жүрегіммен сеземін» жүрекжарды әңгіме кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – көру қабілеті шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысын насихаттау, қоғамда инклюзивті сана қалыптастыру және мейірімділік пен қамқорлық сезімін арттыру болды.
Кеш барысында қатысушылар зағип жандардың өмірлік тәжірибесімен танысып, олардың рухани әлеміне үңіліп, адамгершілік, қамқорлық сынды құндылықтар туралы ой бөлісті.
«ТОЛЕРАНТТЫҚ - ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ» КЕЗДЕСУ ШАРАСЫ ӨТТІ 2025-11-12 17:15:23
Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 30 жыл толуына орай «Толеранттық - татулықтың белгісі» тейбл-толк форматындағы кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойында өзара сыйластықты, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы толеранттылық қағидаттарын дәріптеу болды.
Кездесу барысында оқырмандарға толеранттылықтың мәні мен маңызы түсіндіріліп, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, адамгершілік, мейірімділік, бейбіт өмір мен достық...
Толығырақ«БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ – БАТЫР ТҰЛҒА» ТҰЛҒАТАНУ2025-11-12 17:08:23
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды!» – деп ұлттың намысын ұран еткен даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» тұлғатану шарасы өтті.
Іс-шара барысында М.Х.Дулати Тараз Универсистеті, Тараз политехникалық колледжінің білімгерлері мен оқытушыларына батырдың өмір жолы, қаһармандық ерлігі мен дана ойлары айтылып, «Бауыржан Момышұлы – Халық Қаһарманы» атты бейнеролик көрсетілді.
«ЦИФРЛЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ КІТАПХАНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ2025-11-07 13:07:53
«Цифрлы қоғам және кітапхана» республикалық кітапханашылар конференциясы Жамбыл ауданының орталық кітапханасында жалғасты.
Іс-шараның модераторы – Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы. Конференцияға Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Сағынова Нұрлыгүл Аяпқызы және еліміздің басқа да өңірлерінен кітапхана саласының өкілдері қатысуда.
Басқосу барысында кітапхана...
ТолығырақШ. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 85 жылдық мерейтойына орай «Цифрлы қоғам және кітапхана» атты республикалық кітапханашылар конференциясы өтуде2025-11-07 13:02:22
Кітапхана саласындағы заманауи үрдістер мен цифрландыру дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер, инновациялық тәжірибелерді талқылауға арналған кәсіби алаңға еліміздің 10 өңірінен 300-ден астам кітапханашы жиналды.
Конференцияның ашылу рәсімі А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры актерлерінің «Тараз шайырлары» атты театрландырылған прологымен басталды. Шара барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ісінің дамуына зор үлес қосқан үздіктерге арнайы марапаттар табыс...
Толығырақ«ТУҒАН ЖЕР ЖЫРШЫСЫ» КІТАППЕН СҰХБАТ2025-11-03 18:15:12
Кітапхананың ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде қазақ сөз өнерінің көрнекті өкілі, журналист, жазушы, ақын — Кәрібай Ахметбекұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Туған жер жыршысы» кітаппен сұхбат өтті.
Кәрібай Ахметбекұлы - қазақ руханиятының айнасы іспетті тұлға. Білімгерлерге автордың «Ақдала» роман-дилогиясы, «Қасірет» романы, «Сый орамал», «Жеңіс сарбазы», «Жалаулы жасыл дүние», «Седая степь», «Егіз қайық» повесть және әңгімелері таныстырылды.
... Толығырақ«ӘДЕБИ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ӘДЕБИ КЕЗДЕСУ2025-10-28 18:34:16
Бүгін кітапханада «AMANAT» партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Әдеби мұра – ұрпаққа аманат» әдеби кездесу өтті.
Жазушының туындыларының өзегі — адамгершілік, ұлттық сана, рухани азаттық, табиғат пен адам үйлесімі, тарих пен тағдыр. Сондай-ақ ол қоғамдағы рухани дағдарысты, ұлттық тамырдан ажыраған адамның ішкі трагедиясын бейнелейтіндігін кеш қонақтары айта өтті.
... Толығырақ25 қазан – Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай кітапхана қызметкері марапатталды2025-10-28 18:32:27
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай 25 қазан – Ұлттық мереке, Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай ардагерлер мен сала қызметкерлерін құттықтады.
Жиын соңында кітапхананың Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Жұманова Сәрсенкүл Асқарқызы Қазақстан Кітапханалар Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.

«САРҚЫЛМАС ПАРАСАТТЫҢ САРАЙЫ» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ2025-10-28 18:29:48
24 қазан — Кітапханашылар күніне орай кітапханада «Сарқылмас парасаттың сарайы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың қоғамға қосқан үлесін атап өту мақсатында өткізілді.
Кеш барысында кітапхана ұжымын арнайы құттықтаған қонақтар қатарында:
• «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы,
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Копдикбаев Болат...
Толығырақ