Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

25 қазан – Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай кітапхана қызметкері марапатталды2025-10-28 18:32:27

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай 25 қазан – Ұлттық мереке, Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай ардагерлер мен сала қызметкерлерін құттықтады.

  Жиын соңында кітапхананың Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Жұманова Сәрсенкүл Асқарқызы Қазақстан Кітапханалар Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.

Толығырақ

«САРҚЫЛМАС ПАРАСАТТЫҢ САРАЙЫ» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ2025-10-28 18:29:48

24 қазан — Кітапханашылар күніне орай кітапханада  «Сарқылмас парасаттың сарайы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың қоғамға қосқан үлесін атап өту мақсатында өткізілді.

Кеш барысында кітапхана ұжымын арнайы құттықтаған қонақтар қатарында:

 • «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы,

 • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Копдикбаев Болат...

Толығырақ

Кітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті.2025-10-28 18:27:32

Кітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті.

  Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы әйелдің рөлін арттыру, гендерлік теңдік пен отбасы құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік және саяси белсенділігін дамыту болды. Дөңгелек үстелге  мемлекеттік органдардың өкілдері, партия мүшелері, белсенді әйелдер қатысты.

 Кездесу барысында қатысушылар әйелдің заманауи қоғамдағы орны, кәсіпкерлік пен...

Толығырақ

«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ҒАЛЫМ, САЯХАТШЫ, АҒАРТУШЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ2025-10-28 18:25:43

Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен  «Шоқан Уалиханов – ғалым, саяхатшы, ағартушы» тақырыбында  облыстық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференция аясында кітапхана қызметкерлері «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» көрме ұйымдастырып, ғалымның  еңбектеріне библиографиялық шолу жасап, оқырмандар назарына ұсынды.

Толығырақ

«БОСТАНДЫҚ ЖЫРЫНЫҢ БОЗ ЖОРҒАСЫ» ФЭН-БУМ КЕШІ2025-10-28 18:24:11

 Қазақ поэзиясының өр тұлғасы, еркіндік пен елдік рухтың жыршысы – Несіпбек Тұрысбекұлы Айтовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Бостандық жырының боз жорғасы» фэн-бум кеші ұйымдастырылды.

  Іс-шара ақынның елдік рухты асқақтатқан шығармашылығын насихаттауға, жас буынды поэзияға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталды.

Толығырақ

«25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ТАРИХ ҺӘМ ДЕРЕК» ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 2025-10-28 18:22:27

 25 қазан  -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің маңызды сәті болып саналатын Республика күніне орай, кітапханамызда «25 қазан-Республика күні: тарих һәм дерек»  оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

  Конференция барысында қатысушылар Республика күнінің тарихына, оның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталды. Басты назарда Қазақстанның егемендікке дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдер болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа тарихында Республика күнінің алған орны ерекше атап өтілді. Әрбір қатысушы...

Толығырақ

«ӨМІРІ ӨНЕГЕ, ӨНЕРІ ҚАЗЫНАҒА АЙНАЛҒАН АҚЫН» ГРАНД-ШЕБЕР КЕШІ2025-10-28 18:20:51

 Белгілі ақын, жауынгер, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Өмірі өнеге, өнері қазынаға айналған ақын» гранд-шебер кеші өтті.

  Іс-шара барысында жыр алыбының өмір жолы мен шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылып, ақынның асқақ рухы мен елдік мұратын айшықтайтын туындыларына шолу жасалды.

 

Толығырақ

«ОЙЛАСАҢ ӨТКЕН КҮНДІ АЙТАДЫ ЖЫР...» ӨНЕР КЕШІ2025-10-28 18:18:44

  Халық ақыны, дәстүрлі жыр өнерінің дара тұлғасы Иса Байзақұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Ойласаң өткен күнді айтады жыр...» атты өнер кеші ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.

 Кеш оқырмандарға рухани азық сыйлап, өткен ғасырдағы жыраулық  мұра мен бүгінгі  буын арасындағы алтын көпірге айналды.

 

Толығырақ

«АҚША БҰЛТҚА АЙНАЛҒАН АБЫЗ АҚЫН» ӘДЕБИ ЖУРНАЛ2025-10-28 18:17:09

 Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Әбу Сәрсенбайұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Ақша бұлтқа айналған абыз ақын» тақырыбында әдеби журнал өтті.

  Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, жырларынан үзінділер оқылды.

 

Толығырақ

«ЖАУҚАЗЫН ҒҰМЫР» АТТЫ ӘДЕБИ ПОРТРЕТ2025-10-28 18:15:28

  Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жауқазын ғұмыр» атты әдеби портрет өткізілді.

 Іс-шара барысында Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы деректі материалдар ұсынылды,  батыр қыздың майдан даласындағы ерлік жолдары баяндалды.

 Әдеби портрет жастарды отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеуде, ұлт мақтаныштарының ерлік жолын насихаттауда үлкен рөл атқарды.

 

Толығырақ

Яндекс.Метрика