Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІ СЕНСІҢ – ДОМБЫРА» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ2026-07-09 14:49:01
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қазақ халқының қасиетті мұрасы – домбыраға арналған «Қазағымның үні сенсің – домбыра» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік кеш барысында күмбірлеген күйлер орындалып, әндер шырқалды. Қатысушыларға домбыраның тарихы мен күй өнерінің маңызы туралы айтылып, кітап...
Толығырақ6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ «АСҚАҚТАЙ БЕР, АРУ ШАҺАР – АСТАНА!» АТТЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ2026-07-09 14:39:30
6 шілде – Астана күніне орай кітапхана қызметкерлері Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында «Асқақтай бер, ару шаһар – Астана!» атты ән кеші ұйымдастырылды.
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның айбынын асқақтатып, елдің өркендеуі мен бірлігінің символына айналған заманауи шаһар. Бүгінде елорда ұлттық рух пен жаңашылдықтың, мәдениет пен өнердің, бейбітшілік пен келісімнің ордасы болып келеді.
Ән кешінде Астанаға арналған патриоттық әндер орындалып, елорданың...
Толығырақ«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ2026-06-24 18:51:19
Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалы мен «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Шығармашылық дәстүр жалғастығы және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында облыстық журналистиканың даму жолы, аға буын мен жас журналистер арасындағы сабақтастық мәселелері талқыланды. Саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар журналистер марапатталып,...
Толығырақ«ӘКЕ – ШАҢЫРАҚТЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ ӘКЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ САҒАТЫ 2026-06-24 18:45:16
Маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Әкелер күніне орай кітапханамызда «Әке – шаңырақтың тірегі» атты әкелермен кездесу сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін насихаттау, әкенің бала өміріндегі орны мен жауапкершілігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлерін нығайту.
Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, отбасы мәселелері бойынша мамандар, психологтар және ардақты әкелер қатысты.
Кеш барысында...
Толығырақ«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ2026-06-24 18:39:14
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман қауымын қалыптастыру мақсатында «Кітап сыйла – ой сыйла» атты кітап алмасу акциясы өткізілді.
Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жамбылдың жыр керуені» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Көрмеге ақынның өмірі...
Толығырақ«ӘЙТЕУІР БІР ШЫҒАРМЫН…» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ2026-06-24 18:34:20
Кітапханада ақын, сазгер, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі Бейсен Пәрімбек Әлішерұлы шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Әйтеуір бір шығармын…» атты кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, әдеби мұрасының рухани құндылығы дәріптелді.
Кеш барысында автордың өлеңдері оқылып, өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылды. Сонымен қатар оның поэзиялық және музыкалық туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында қаламгер шығармашылығының негізгі...
Толығырақ«ЖАМБЫЛДЫҢ ӨМІРІ ӨРНЕКТІ, ӨНЕРІ ӨРІСТІ» ЖАМБЫЛТАНУ САҒАТЫ2026-06-24 18:30:48
Кітапхана қызметкерлері «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Қ. Рысқұлбеков саябағында «Жамбылдың өмірі өрнекті, өнері өрісті» атты жамбылтану сағатын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын кеңінен таныту және оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру болды.
Іс-шара барысында ақынның шығармаларынан үзінділер оқылып, оның өмір жолы мен әдеби мұрасына қатысты танымдық мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар...
Толығырақ«Жамбылдың жыр керуені» Көшпелі кітап көрмесі.2026-06-24 18:26:50
Кітапхана қызметкерлері Қ. Рысқұлбеков атындағы саябағында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс шараның мақсаты - қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын жас буынға кеңінен таныстыру, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықтарын ояту.
Көрмеде ақынның өмір жолын және әдеби мұрасын көрсететін кітаптар, ғылыми зерттеулермен танымдық басылымдар қойылды.
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ» – «ЖЫЛ МАМАНЫ–2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ2026-06-24 18:14:54
Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және кітапхана саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған «Жылдың үздік кітапханашысы» тақырыбында «Жыл маманы – 2026» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға облыстың әр ауданынан келген 35 жасқа дейінгі кітапхана қызметкерлері қатысып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін үш кезең бойынша көрсетті. Қатысушылар «Заманауи...
ТолығырақАқын Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған «Ақын әлемі» атты шығармашылық кездесу өтті2026-06-24 18:11:01
Кітапханада ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, қазақ эстрадасында халық жүрегінен ерекше орын алған сырлы әндердің авторы Анар Шамшадинованың шығармашылығына арналған «Ақын әлемі» атты шығармашылық кездесу өтті.
Кеш барысында өнерсүйер қауым мен оқырмандар ақынға өздерінің жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнап, шығармашылығына деген құрметтерін білдірді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері ақынның сыршыл өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікке ерекше рухани әсер...
Толығырақ