Жаңалықтар
«ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ» КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ2024-11-26 11:10:34
Бүгін кітапханада «Отбасы-бақыт мекені» кітапханалық жоба аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды.
Акцияға «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының аға инспекторы, полиция майоры Мусаева Анар Бекзатқызы, инспектор, полиция капитаны Абдразакова Эльмирахан Тұрғынбайқызы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің психолог маманы Арайлым Қадыр, ардагер ұстаз Ахметжанова Камилаш Қостүтінқызы, «AR-AI» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызы қатысып, зорлық-зомбылықты жою және оның алдын алу,...
Толығырақ«Тарихын тасқа жасырған тылсым сырлы Тараз » тарихи шолу өтті2024-11-26 11:07:18
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған. Қорық – мұражайдың негізгі қызметіне тарихи – мәдени мұра объектілеріне жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын зерттеу, дәріптеу, қадағалау мен қорғау кіреді.
Мұражай иелігіне Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштер кіреді. Бұл аймақтың бай әрі ұзақ тарихы бар.
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени...
Толығырақ«ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ – ЕЛІМІЗДЕ ЕҢ ІРІ ӘРІ КӨП САЛАЛЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРЫЛЫМЫ» ҚҰҚЫҚТАНУ САҒАТЫ2024-11-21 11:20:12
Кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәсіп – игергендікі, жұмыс – еңбектенгендікі» жобасы аясында «Ішкі істер органдары – елімізде ең ірі әрі көп салалы құқық қорғау құрылымы» атты құқықтану сағаты өтті.
«Ел болып оқимыз» жобасы аясында Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Ер Шона» кітабының таныстырылымы өтті2024-11-21 11:12:46
Кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Ер Шона» кітабының таныстырылымы өтті.
Аталмыш кітаптың тұсаукесері жуырда Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясында өтті.
Ақын әрі жазушының шығармалары арқылы жастардың әдебиетке деген таным-түсінігін шыңдап, ой-өрістерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға ардагер ұстаз Баймұрат Жақсыбекұлы, №44 Шона Смаханұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі...
Толығырақ«Зиянды әдеттерден аулақ бол!» жастар акциясы 2024-11-21 11:10:31
19 қараша - Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында жастар акциясы өтті.
КІТАПХАНА ҚОНАҒЫ2024-11-21 10:59:13
Бүгін № 5 меткеп гимназиясының «2» сынып оқушысы Алия Амирова анасымен кітапханаға келіп Мұқағали Мақатаевтың «Елім барда» өлеңін жатқа айту челлендж аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.
Түсірілім барысында кітапхана қорындағы кітаптармен таныс болды.
«Туған жердің төсінде» интелектуалды квест ойынын өткізді.2024-11-21 10:57:31
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің экономика және құқық факультетінің 1 курс білімгерлері кітапханада «Туған жердің төсінде» интелектуалды квест ойынын өткізді.
«КІТАПХАНА ЖӘНЕ ӨҢІРДІҢ МӘДЕНИ КЕҢІСТІГІ» КІТАПХАНАЛЫҚ КОНВЕНТТІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ2024-11-21 10:54:54
Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Тұрар - Түркі жұртына ортақ тұлға» memory watch еркін тақырыптағы көрсетілімді іс-шарасын конвент қатысушылары мен қонақтар назарына ұсынды. Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай облыс кітапханалары арасында ұйымдастырылған «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл елі» өлкетану оқуларын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
«Қайырымдылық – жылы жүректен» әдеби фристайл2024-11-21 10:49:53
13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне кітапхана қызметкерлері Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының емделушілері арасында «Қайырымдылық – жылы жүрекке тақырыбында кеш ұйымдастырды.
Толығырақ
«Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны» кітап көрмесі2024-11-21 10:44:47
15 қараша – Қазақстан Респуликасы Ұлттық валюта күніне орай «ALEM» кәсіби білім беру колледжінде «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында кітап көрмесі өтті.
Кітапхана қызметкерлері колледж білімгерлеріне төл теңгенің тарихы, теңге айналымы, еліміздің қаржы жүйесі туралы ақпараттар айтып, кітап көрмесін таныстырды.