Жаңалықтар
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘУ ЕТЕР КИЕЛІ ҰҒЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖЫР ШЕРУ КЕШІ ӨТТІ2025-12-15 18:01:21
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты жыр шеру кеші ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ел тәуелсіздігінің тарихи маңызын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық поэзия арқылы елдік құндылықтарды дәріптеу.
Жыр шеруде желтоқсан оқиғасының тікелей куәгерлері – желтоқсаншылар арнайы шақырылып, өз естеліктерімен, сол кезеңнің ауыр да азапты шындығымен бөлісті.
Іс-шара қатысушылары Тәуелсіздіктің баға жетпес...
Толығырақ«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ» КІТАП КӨРМЕСІ2025-12-15 17:58:27
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жастардың отаншылдық рухын арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жетістіктерін насихаттау мақсатында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңін баяндайтын тарихи еңбектер, ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы кітаптар, тәуелсіздік жылдарындағы әдеби шығармалар мен танымдық басылымдар ұсынылды.

«ТАУ ТҰЛҒА, ДАРА ТҰЛҒА – БАУЫРЖАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ2025-12-15 17:52:33
Кітапхана мен 85395 әскери бөлімнің ұйымдастыруымен Даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – Даңқты қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының ерлік жолын, әскери шеберлігін, елдік пен отаншылдық жөніндегі өсиеттерін кеңінен насихаттау, өмірі мен шығармашылығының тарихи маңызын ашу, Отан қорғаудағы ерлік үлгісін жас ұрпаққа жеткізу.
Кең...
Толығырақ«ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕГІ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ2025-12-15 17:49:24
Кітапханамызда Қазақстанның халық әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Сейілхан Ақылшаұлының 75 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті.
Іс-шараға өнерсүйер қауым, БАҚ өкілдері, әріптестері мен шәкірттері қатысып, ортақ дастархан басында емес – ортақ рухани алаңда бас қосты.
Кеш барысында Асқарбек Сейілханның өмір жолы, өнердегі өрелі еңбегі, театрдағы жетістіктері мен сахнадағы жарқын бейнелері туралы кең көлемде сөз қозғалды.
Шығармашылық сұхбат кезінде...
Толығырақ«БІЗДІҢ СҮЙІКТІ ДӘРІГЕР» САЛТАНАТТЫ ҚҰРМЕТ КЕШІ 2025-12-15 17:45:33
Кітапханамызда қазақ медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға – ғалым, дәрігер-хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер одағы мен Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағындық Ордабековтің 75 жасқа толуына арналған «Біздің сүйікті дәрігер» атты салтанатты құрмет кеші өтті.
Кеш барысында тұлғаның өмір жолы мен ғылымға, медицинаға қосқан зор еңбегі туралы деректер ұсынылып, қатысушылар әйгілі дәрігердің кәсіби...
Толығырақ«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ» КІТАП КӨРМЕСІ 2025-12-15 17:38:59
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша басқармасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері көрме материалдары бойынша библиографиялық шолу жасап, әр кітаптың мазмұндық ерекшелігі мен тарихи маңызын түсіндірді. Шолу барысында қатысушылар Қазақстанның егемендік жолындағы маңызды оқиғалар, ұлттық қауіпсіздік пен шекара күзетінің ел...
Толығырақ10 ЖЕЛТОҚСАН – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ2025-12-15 17:35:16
Іс-шараның мақсаты – адам құқықтарының мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасында өз құқықтары мен міндеттерін білуге ынталандыру.
Дөңгелек үстелге Алибеков Арман Мұратұлы - Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметі бастығы, әділет лейтенанты, Есенбекқызы Меруерт - Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше инспекторы, полиция капитаны, Балнұр Мұратқызы - полиция аға лейтенанты, Алия Досова...
ТолығырақМЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «НАР ТҰЛҒА» АТТЫ ӘДЕБИ БАРКЕМП КЕШІ ӨТТІ2025-12-15 17:31:15
Абайтанудың негізін қалаушы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлының 95 жылдық мерейтойына орай «НАР ТҰЛҒА» атты әдеби баркемп кеші ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, Абайтану мектебінің теориялық негізін қалыптастырған ғалымның еңбектерін жас ұрпаққа таныту, оқырмандар арасында еркін...
Толығырақ«ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ, ЖАНҒА ТЫНЫС» СЫЙЛАҒАН РУХАНИ КЕШ2025-12-15 17:24:48
Кітапханада жүрекке жылу, жанға тыныс сыйлаған ерекше рухани басқосу өтті. Түрік ақыны әрі жазушысы Нурие Моллахасанның шығармашылығына арналған «Жаны жырлаған нәзік жан» атты әдеби кеш оқырман қауымға терең әсер қалдырды.
Кештің мақсаты – ақын Нурие Моллахасанның нәзік лирикаға толы өлеңдері мен прозалық шығармаларын таныстыру, әдебиет сүйер жастардың рухани әлемін байыту.
Іс-шара барысында ақынның таңдаулы жырлары оқылып, оның шығармашылық жолы, әдеби...
Толығырақ«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ - ҒАЛЫМ, САЯХАТШЫ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ2025-12-05 19:00:14
Кітапхана және Жамбыл Политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы және этнограф» тақырыбында конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы арқылы ұлттық тарихқа деген құрметті қалыптастыру, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын зерделеу, Шоқанның саяхаттары мен зерттеулері арқылы этнографиялық білімді тереңдету. Ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында «Шығыс әлемінің шолпаны» кітап көрмесін ұйымдастырып, ғалымның еңбектеріне библиографиялық шолу жасап,...
Толығырақ