Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Новости

КІТАП ӘЛЕМІ: ОЙЛЫ ҰРПАҚ АЛАҢЫ2026-08-20 18:18:26

Бүгін Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта «Кітап әлемі: ойлы ұрпақ алаңы» атты кітапханалық вайб шарасы ұйымдастырылды.

Ашық аспан астында өткен мәдени шараның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты жаңа форматта қалыптастыру.

Шара барысында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының арнайы кітап экспозициялары ұсынылды. Қонақтар Жамбыл Жабаевтың құнды жинақтарымен...

Подробнее

«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ2026-08-20 17:57:09

 «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кітапхана қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық сауаттылықты арттыру» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, күнделікті өмірде және кәсіби қызмет барысында кездесетін құқықтық мәселелер бойынша ақпарат беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық қорғау органдары қызметінің маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы...

Подробнее

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай «Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - жастар» zhastar Life жастарға арналған іс-шара ұйымдастырылды.2026-08-11 16:00:14

Шараның басты мақсаты – жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, білімге, мәдениетке және ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Кездесу барысында жастардың білім алуы, өзін-өзі дамытуы, кітап оқуы, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылысы және қоғам өміріне белсенді араласуы туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Жастардың тарихи-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту, командалық жұмыс пен ұйымшылдықты қалыптастыру мақсатында «Тарихи Тараз» квест...

Подробнее

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА АҚЫНЫ – АБАЙ» ӘДЕБИ-ӘУЕНДІ КЕШІ ӨТТІ2026-08-11 15:50:31

10 тамыз – Абай күніне орай Тараз қаласында «Ұлы даланың дана ақыны – Абай» атты әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылды.

Рухани мазмұнға толы шара Тараз қаласының төрі – Абай даңғылы бойындағы ұлы ақынның ескерткіші алдында өтті. Іс-шараны Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония және Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп...

Подробнее

«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ2026-07-29 12:37:11

  Қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Жеңіс саябағында «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесі өтті.

  Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, елдік пен ерлікті дәріптейтін жалынды жырлары оқылды. Сондай-ақ оқырмандар назарына ақынның әр жылдары жарық көрген жыр жинақтары, зерттеу еңбектері мен естеліктері ұсынылды.

 

 

           Подробнее

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІ СЕНСІҢ – ДОМБЫРА» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ2026-07-09 14:49:01

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қазақ халқының қасиетті мұрасы – домбыраға арналған «Қазағымның үні сенсің – домбыра» атты мерекелік шара өтті.

   Мерекелік кеш барысында күмбірлеген күйлер орындалып, әндер шырқалды. Қатысушыларға домбыраның тарихы мен күй өнерінің маңызы туралы айтылып, кітап...

Подробнее

6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ «АСҚАҚТАЙ БЕР, АРУ ШАҺАР – АСТАНА!» АТТЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ2026-07-09 14:39:30

6 шілде – Астана күніне орай  кітапхана  қызметкерлері Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында «Асқақтай бер, ару шаһар – Астана!» атты ән кеші ұйымдастырылды.

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның айбынын асқақтатып, елдің өркендеуі мен бірлігінің символына айналған заманауи шаһар. Бүгінде елорда ұлттық рух пен жаңашылдықтың, мәдениет пен өнердің, бейбітшілік пен келісімнің ордасы болып келеді.

Ән кешінде Астанаға арналған патриоттық әндер орындалып, елорданың...

Подробнее

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ2026-06-24 18:51:19

 Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалы мен «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Шығармашылық дәстүр жалғастығы және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шара барысында облыстық журналистиканың даму жолы, аға буын мен жас журналистер арасындағы сабақтастық мәселелері талқыланды. Саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар журналистер марапатталып,...

Подробнее

«ӘКЕ – ШАҢЫРАҚТЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ ӘКЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ САҒАТЫ 2026-06-24 18:45:16

Маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Әкелер күніне орай кітапханамызда «Әке – шаңырақтың тірегі» атты әкелермен кездесу сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін насихаттау, әкенің бала өміріндегі орны мен жауапкершілігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлерін нығайту.

Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, отбасы мәселелері бойынша мамандар, психологтар және ардақты әкелер қатысты.

Кеш барысында...

Подробнее

«ЖАМБЫЛДЫҢ ЖЫР КЕРУЕНІ» КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ2026-06-24 18:39:14

 Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман қауымын қалыптастыру мақсатында «Кітап сыйла – ой сыйла» атты кітап алмасу акциясы өткізілді.

 Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жамбылдың жыр керуені» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Көрмеге ақынның өмірі...

Подробнее
Яндекс.Метрика