Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

«ҰЛТ РУХЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ» ТАҒЗЫМ КЕШІ2026-06-23 17:09:00

Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әлем кәсіби білім беру колледжінде Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлт рухының шамшырағы» тағзым кеші өтті.

Іс-шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, ұлт тағдыры мен ел бірлігін арқау еткен туындылары, оның қазақ әдебиетіндегі айрықша орны жан-жақты атап...

Толығырақ

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Talbesik» этно-орталығында ашық аспан астында Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған ерекше әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.2026-05-23 16:20:26


    21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Talbesik» этно-орталығында ашық аспан астында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ музыкасының көрнекті тұлғасы, композитор Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған ерекше әдеби-музыкалық композиция көрсетілді.
     Жайлаудың жұпар лебі аңқыған, ән мен естелік астасқан бұл кеште көрермендер Ілия ағамыздың шығармашылық әлемімен...

Толығырақ

Кітапханамызда Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Тербеледі тың дала» атты ғұмырнамалық кеш өтті.2026-05-23 16:08:20

    Іс-шараның мақсаты – Ілия Жақановтың шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ өнері мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз еңбегін жас ұрпаққа таныту, ұлттық руханиятты дәріптеу және ән өнерінің құндылығын кеңінен ұғындыру.
    Кеш барысында Ілия Жақанұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, халық жүрегінен орын алған «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық», «Теміртау түні», «Толағай» сынды әндері шырқалды. Сондай-ақ, қаламгердің...

Толығырақ

7 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулық жолы - болашақ кепілі» мейірім кеші өтті.2026-04-30 15:05:47

7 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай  Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында «Денсаулық жолы - болашақ кепілі» мейірім кеші өтті.

Кештің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және қатысушылардың өмірге деген белсенді көзқарасын қалыптастыру.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері әсем ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рухани әсерге бөледі.

Жылы атмосфераға толы кеш қатысушылардың...

Толығырақ

КІТАПХАНАДА КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕР, АЙТЫСКЕР АҚЫН ШОРАБЕК АЙДАРОВТЫҢ «ЖАРЫҚ СӘУЕ» АТТЫ ЖАҢА ЖЫР ЖИНАҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ2026-04-09 18:25:22

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы орталық алаңда жасақталған киіз үйде «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» атты жасанды интеллект көмегімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.2026-03-26 16:10:35

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы орталық алаңда жасақталған киіз үйде «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» атты жасанды интеллект көмегімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме барысында туған жер тақырыбындағы шығармалар кеңінен насихатталып, жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы кітап мазмұны заманауи форматта ұсынылды.

Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталып, келушілерге ерекше рухани әсер...

Толығырақ

КІТАПХАНАДА КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ «НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ2026-03-26 16:05:29

Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, көпшілікті Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

Ұлттық құндылықтар дәріптелген кеште кітапхана қызметкерлері қазақтың көркем дәстүрлерінің бірі – «Тұсау кесер» рәсімін сахналады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері «Сәукеле кигізу» дәстүрінен әсерлі көрініс ұсынып, көрермендердің ықыласына бөленді.

Кеш барысында әсем әндер шырқалып, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлттық дәстүр мен...

Толығырақ

«ДӘСТҮРДЕН НӘР АЛҒАН СӘН» ЭТНО-АРТ САҒАТЫ2026-03-26 16:02:52

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай кітапхана қызметкерлері «Аспара» Модельдік өнер және бизнес колледжінде «Дәстүрден нәр алған сән» атты этно-арт сағатын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімдердің тарихы мен маңызын насихаттау, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін дәріптеу, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың дәстүрлі киім үлгілері таныстырылып, олардың ерекшеліктері мен мән-мағынасы кеңінен...

Толығырақ

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шаңырақ – ұлт бірлігінің белгісі» атты әдеби-танымдық кеш өтті2026-03-26 16:00:03

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеу, шаңырақтың отбасы мен қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайту.

Кеш барысында қазақ халқы үшін киелі ұғым саналатын шаңырақтың символдық мәні кеңінен насихатталып, оның ұрпақ сабақтастығы мен отбасы бірлігін білдіретін маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерге арналған бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға танымдық мазмұндағы...

Толығырақ

«АРЫЛМАС МҰҢЫМ БАР МЕНІҢ...» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ 2026-03-26 15:56:12

Кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Серік Томановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Арылмас мұңым бар менің...» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.

Кештің басты мақсаты – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды таныстыру.

Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, оның туған жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен ұлттық...

Толығырақ
Яндекс.Метрика