Жаңалықтар
«Кітапхана және өңірдің мәдени кеңістігі» кітапханалық конвенттің екінші кезеңі2024-11-18 11:15:00
Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Тұрар - Түркі жұртына ортақ тұлға» memory watch еркін тақырыптағы көрсетілімді іс-шарасын канвент қатысушылары мен қонақтар назарына ұсынды. Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай облыс кітапханалары арасында ұйымдастырылған «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл елі» өлкетану оқуларын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Нәтижесінде Т.Рысқұлов аудандық кітапхана жүйесі байқаудың бас жүлдесін...
«Кітапхана және өңірдің мәдени кеңістігі» кітапханалық конвент2024-11-18 11:06:04
«Кітапхана және өңірдің мәдени кеңістігі» кітапханалық конвент аясында Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылдық округінің әкімі Сейтжапаров Еркін Серікханұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы бірқатар кітапхана мамандары алғыс хаттармен “Құрмет” грамотасымен және “Кітапхана ісінің үздігі”, “Кітапхана ісінің ардагері” төсбелгілерімен марапаттады.
«Журналистика - армандаған мамандық» тақырыбында тілшімен кездесу өтті2024-11-05 18:02:54
«Журналистика - армандаған мамандық» тақырыбында «AR-AI» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Тілші - хабар жеткізуші, хабарлаушы. Кешіміздің құрметті қонағы Құралай Сейсенбекқызы кездесу барысында кітапхана оқырмандарына еңбек жолындағы қиыншылықтар мен қуанышты сәттер жайлы әңгімелеп, сол саланың жай-жапсарын айтып, шығармашылығы туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алысты.
«Жүрек үні: Өлеңмен өрілген үміт» тақырыбында әдеби шеберхана 2024-11-04 11:58:00
Кітапхана «Ел болып оқимыз» жобасы аясында белгілі ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенованың 60 жас мерейтойына орай «Жүрек үні: Өлеңмен өрілген үміт» тақырыбында әдеби шеберхана ұйымдастырды.
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеп, ой-санасына оралған өлең-жырды олжа етіп, ақ қағаз бетіне түсіріп, өмірдің таңғажайыптарын әрлеп жүрген дара болмысты шығармашылық иесі Үміт Битенова жайлы жергілікті...
Толығырақ«Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында ойталқы 2024-10-29 15:46:03
Кітапханада «Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында ойталқы өтті.
Іс-шараның мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесуге облыстық «Әзірет әли» мешітінің имамы Есет Тұрдыбайұлы қатысып, кітапханашылар және кітапхана оқырмандарына жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріп, терроризм...
Толығырақ«Сарқылмас парасаттың сарайы» тақырыбында мерекелік кеш 2024-10-28 16:25:41
24 қазан - кітапханашылар күніне орай «Сарқылмас парасаттың сарайы» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кеш «Кітапханашылар триосының» орындауындағы «Кітапхана осындай» әнімен ашылды. Алғаш болып сөз алған Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, үздік кітапханашыларға арнайы марапаттарды табыс етті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агентігінің...
Толығырақ«Знамя труда газеті 105 жыл оқырманмен бірге» бас қосу.2024-10-23 10:36:10
Кітапхана қызметкерлері Тараз қаласындағы Достық үйінде «Знамя труда газеті 105 жыл оқырманмен бірге» бас қосу жиынында газет архивінен жасақталған кітап көрмесін ұйымдастырды.
«ТУҒАН ЖЕР, ЖЫРЫМ ДА - СЕН, СЫРЫМ ДА - СЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИ БАТТЛ ӨТТІ.2024-10-23 10:31:17
Кітапханада тарихы таусылмайтын тағылымға бай, тамыры тым тереңде жатқан Тараз қаласы күніне орай «Туған жер, жырым да - сен, сырым да - сен» тақырыбында әдеби баттл өтті.
Байқауда бақ сынаған үміткерлер туған жер және патриоттық өлең оқып, сонымен қатар Жамбыл облысы, Тараз қаласы туралы танымдық сұрақтарға жауап беріп бақ сынады. Сайыс нәтижесінде бас жүлде...
Толығырақ«КИЕЛІ МЕРКІ, ШЕЖІРЕЛІ МЕРКІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАРИХИ-ӘДЕБИ ФОРМАТЫНДА БАЙҚАУЛЫҚ ІС-ШАРА2024-10-23 10:21:11
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының 85 жылдығына орай жариялаған «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл» өлкетану оқулары аясында облыстық мемлекеттік кітапханаларында өтетін байқаулық іс-шаралар жоспарына сәйкес Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Киелі Меркі, шежірелі Меркі» тақырыбында тарихи-әдеби форматында байқаулық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға әділқазы алқасының төрайымы, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми ...
Толығырақ«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» оқырмандар конференциясы2024-10-21 17:48:21
Кітапхана 25 қазан - Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
Іс-шараға мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсеналы Бықыбаев, Жамбыл облыстық «Желтоқсан ұшқыны» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбек және орынбасары Сәкен Мырзабай, Жамбыл облысы қорғаныс істер жөніндегі Заң қызметі бастығының міндетін атқарушы Ерғали Бейсетайұлы, Жамбыл облысы мен Тараз...
Толығырақ