Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

«Тағдырымның тартуы» тағылым сағаты2024-04-18 09:24:15

   Кітапхана Өмірбек Байгелдінің туғанына 85 жыл толуына орай «Тағдырымның тартуы» тағылым сағатын ұйымдастырды.

   Тараз политехникалық колледжінің білімгерлеріне кітапхана қызметкерлері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, облысымыздың Құрметті азаматының саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнағаны, көптеген жауапты қызметтерді абыройлы атқарған, ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет еткен бірегей тұлға Өмірбек Байгелді ағамыз жайлы ақпарат берді.

   Қазақ елінің...

Толығырақ

Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы2024-04-17 15:56:48

   Бүгін Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы арнайы кітапханаға келіп, бөлімдерді аралап кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия жасады.

Толығырақ

«Ескерткіштер - ел тарихы» әдеби эссе 2024-04-17 14:56:26

   Бүгін  кітапханада 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер - ел тарихы» тақырыбында әдеби эссе  өтті.

   Кешке арнайы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих кафедрасының» аға оқытушысы, тарих магистрі Кобесова Ақнұр Смайылқызы, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Асылжан Дулати, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау...

Толығырақ

«ҚАЛАЙМЫН ТЕК, МАХАББАТЫМНЫҢ ГҮЛДЕУІН...» ӘДЕБИ БУРИМЕ2024-04-15 17:53:58

        Кітапхана 15 сәуір  мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне орай «Қалаймын тек, махаббатымның гүлдеуін...» тақырыбында әдеби буриме өткізді.

      Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса,  ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал сертке берік... Осылардың барлығы шынайы махаббаттың символы іспетті. Сан мыңдаған ғасырлар бойы...

Толығырақ

«Қазақтың тұңғыш академигі» көрме саяхаты2024-04-11 15:09:39

    Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш академигі» көрме саяхатын ұйымдастырды.

   Қ.Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасын оқырмандар назарына ұсыну мақсатында қазақ даласының ұлы перзентінің әр жылдарда жарық көрген Таңдамалы шығармалары мен  еңбектерін оқырмандарға  таныстырылды.

Толығырақ

«Ақындай сезімтал, Әлемде жан бар ма?» тақырыбында кездесу кеші2024-04-09 17:48:40

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әулиеата өңірінде дүниеге келген жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Жазушымен бір күн»  жобасы аясында Әулиеаталық  ақындармен  «Ақындай сезімтал, Әлемде жан бар ма?» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.

    Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Жарылқасын Аманұлының өлең жолдарымен аталған кешке арнайы ақын, белгілі...

Толығырақ

«Тарихи дәуірдің символы» тақырыбында кітап көрмесі2024-04-08 17:02:03

    Кітапхана Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Тарихи дәуірдің символы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған туындыларынан қарапайым қазақтың бейнесін, ұлттық болмысы мен мінезін, тіршілігі мен психологиясын адаспай табуға болады. Ұлы қайраткердің тарихы мен өмірбаяны, көркем мұрасы жайлы деректер мен құнды кітаптардан құралған кітап көрмесін саябақ демалушыларының назарына...

Толығырақ

«Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі» фэн-бум кеші2024-04-02 13:18:13

  Кітапхана облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында  Сарысу ауданының құрметті азаматы, Алты Алашты аузына қаратқан талантты ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты, Қазақстан Республикасы...

Толығырақ

«Біз есірткіге қарсымыз» және «Қылмысқа қарсы тұрайық» кездесу 2024-03-29 15:59:06

       Кітапханада «Тараз жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен жастар арасында өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жөнінде жоспар бойынша «Біз есірткіге қарсымыз» және «Қылмысқа қарсы тұрайық» атты кездесу өтті.

Толығырақ

«ECERS шкалаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасының сапасын бағалау» тақырыбында семинар-тренинг 2024-03-28 17:08:14

   Кітапханада «Өрлеу» БАҰО Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін «ECERS шкалаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасының сапасын бағалау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

Толығырақ
Яндекс.Метрика