Жаңалықтар
МАРАПАТ2024-05-23 14:01:44
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Қабылдауда облыс әкімі Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Алдабергенова Лаззат Туйтебаевнаны облыстың мәдениет саласының өркендеуі мен кітапхана ісінің дамуына қосқан үлестері үшін «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
ТАРИХИ ДЕРЕКНАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ2024-05-20 09:47:25
Кітапхана қазақ мифологиясына тыңнан түрен салып, ауылда арбаға таңылып жатып, әлемдік деңгейде ғылыми тұжырымдар жасаған, адамзат дамуындағы мифологиялық таным-түсініктің көкжиегін кеңейткен Серікбол Қондыбайдың өмірбаяны, зерттеу еңбектері туралы кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Талантты ғалым Серікбол Қондыбай» тақырыбында онлайн тарихи дерекнама ұйымдастырды.
Ғалымның әр жылдары жарық көріп, оқырмандардың, ғалымдардың қызығушылығын тудырып, қолдауына ие болған «Қазақ мифологиясына кіріспе»,...
ТолығырақЖУРНАЛИСТИКА - ТӨРТІНШІ БИЛІК" КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБАСЫ2024-05-20 09:42:02
Кітапханада «Газет - қоғамның жаршысы» ақпарат айдарын ұйымдастырды. Кешке арнайы Қазақстан Республикасы журналистикасының қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, ақпарат саласының үздігі, ардагер журналист Ақылжан Мамытов, «Ақ жол» газетінің ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Тұрсынхан Толқынбайұлы, ардагер журналист Болат Жапаров шақырылды.
Қонақтар мерзімді басылымдар - ақпарат алмасу қажеттілігі адам тіршілігінің ажырамас...
ТолығырақКІТАПХАНА ҚОНАҒЫ2024-05-18 12:39:55
Бүгін кітапханамызға Жамбыл мәдени ағарту училищесінің 1976-1979 жылғы түлектері арнайы келіп, бөлімдерді аралап кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныс болды.
«Сағи лирикасы» тақырыбында поэзиялық кеш 2024-05-16 16:09:31
Кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, «Тарту», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде сол бір көктем», «Әлия», «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр дүние» кітаптарының авторы Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сағи лирикасы» тақырыбында поэзиялық кеш өтті.
Соғыс жылдарына арналған, табиғат туралы, өмірдің өткелең өрісі туралы ой-толғаулар жазған ақынның поэзиясынан кітапханашы қыздар...
Толығырақ«Отбасы - ұлағат ұясы» тренинг 2024-05-15 17:46:43
Кітапхана 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыларды қолдау мақсатында құрылған “АНА ҮЙІ” қоғамдық қорында «Отбасы - ұлағат ұясы» тренинг ұйымдастырды.
Тренингке Өрлеу кәсіби даму институты, педагог Қарынбаева Сағадат Мейрамбайқызы, Тараз қаласы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Абдразакова Надира, Жамбыл облысы тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы...
Толығырақ«Аңыз тұлға - абыз тұлға» еске алу кеші2024-05-14 14:37:01
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ерен еңбектің үлгісін көрсеткен, өмір жолы мен еңбегін оқырмандар, өңір тұрғындары арасында насихаттау, өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке баулу мақсатында Жамбыл журналистикасында өзіндік орны бар тұлға, жиырма жыл бойы бүгінгі өңірлік «Aq jol» газетінің бас редакторы болып абыройлы қызмет атқарған, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, сүйегіне сөз сіңген белгілі...
Толығырақ«Әйелдер - отбасының ұйытқысы» кітап көрмесі2024-05-11 14:34:40
Кітапханада мамырдың екінші жексенбісі - Аналар күніне орай «Әйелдер - отбасының ұйытқысы» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге ерлігімен талайды тәнті еткен, өнерімен ақыл-парасатымен ел есінде мәңгі сақталған қазақ әйелдерінің өмірі, нәзік жандардың тағдыры туралы сыр шертетін «Ұлы даланың ұлы қыздары», «Қазақ тарихындағы әйелдер», «Күйші Дина», «Қаһарман қыз Хиуаз» атты туындылар сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен тарихындағы қазақ әйелінің...
Толығырақ«Бар әлемді құшағына сыйдырған Асыл Аналарға тағзым!» тағзым кеші 2024-05-11 14:31:27
Кітапханада мамырдың екінші жексенбісі - Аналар күніне орай «Бар әлемді құшағына сыйдырған Асыл Аналарға тағзым!» тақырыбында тағзым кеші өтті.
Әйел - Ана, Әйел - Өмір, Әйел - тіршілік өзегі. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кешке адал еңбегімен еленген батыр аналарымыз Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры,...
Толығырақ«Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс» кітап көрмесі2024-05-08 09:51:03
Кітапхана 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге Халқымыздың елдік болмысы мен ерлік қасиеті сынға түскен қаһарлы соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптар оқырман назарына ұсынылды.