Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

Жаңарған Жамбылдан - Жерұйығы Жетісуға2021-11-09 16:52:49

    Алматы облысындағы Жамбыл облысының мәдени күндері аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған "Өткені - өнеге, бүгіні - бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі" кітап көрмесінде қала тұрғындары тарихы тереңнен бастау алған Тараз қаласынан сыр шертетін кітаптармен жете танысты.

Толығырақ

Оқырмандар ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталықтың жұмысымен танысты2021-11-03 18:33:43

   Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желі оқырмандары қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға негізделіп, тәрбие беру мақсатында ашылған «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен онлайн форматта танысу мүмкіндігіне ие болды.

   Орталық басшысы, Эльмира Мырза-Ғали қаланың қақ ортасында бой көтерген 3 қабатты ғимараттың ішкі жұмысына тоқталып, мақсаты мен міндетіне байланысты қысқаша сипаттама берді.

   Эльмира Іниятқызы...

Толығырақ

Ғайни – ғұмыр! Сара сарын, сара жол...2021-10-30 13:33:15

   Ғайнидың өнер аялдамасы өз өлкесінде өтті

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында тарихи ескерткіштерге бай, көрікті мүйістері де жетерлік, келешегі де жарқын қасиетті Байзақ өңірінде «өлең» дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған рухы асқақ, мұраты анық нәзік жанды ақындарымыздың бірі, «өлең» өлкесінде өрнекті ізін салып, рухы...

Толығырақ

Қазақстан кітапханаларындағы өзекті мәселелер және олардың даму перспективалары2021-10-23 16:07:26

    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған "Қазақстан кітапханаларындағы өзекті мәселелер және олардың даму перспективалары" дөңгелек үстел отырысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхананың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Толығырақ

Өткені – өнеге, бүгіні-бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі2021-10-21 18:44:27

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы және кітапхана қызметкерлері 2021 жылдың 21-22 қазан күндері Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылғанына 150 жыл толуына орай Орал қаласында ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

   Халықаралық конференцияға қатысушыларға Жамбыл облысының 80 жылдығына...

Толығырақ

«Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны»2021-10-21 18:35:33

   Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылғанына 150 жыл толуына орай Орал қаласында өтіп жатқан «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Толығырақ

«Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны2021-10-21 18:28:26

  «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференциясының қатысушылары  «Өткені – өнеге, бүгіні-бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі» кітап экспозициясына қызығушылық танытуда.

Толығырақ

Жұлдызы нұрлы суреткер2021-10-18 12:26:32

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Ұлы Жібек жолының алтын арқауында жатқан Жуалы жерінде жалғасты.

    Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Күреңбел ауылдық кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, жерлесіміз Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жұлдызы нұрлы суреткер» әдеби  алаңын ұйымдастырды.

    Әдеби...

Толығырақ

Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек2021-10-17 14:52:22

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы қойнауына құт қонған киелі Жамбыл жеріне бағыт алды.

    Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Бектөбе ауылдық кітапханасы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек» әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

    ХХ ғасырдың  Гомері атанған Жамбыл...

Толығырақ

Ауылының атын аспандатқан рухани байлық иесі2021-10-16 15:31:20

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы өн бойы аңыз-сырларға толы қасиетті де киелі мекен Байзақ өңіріне табан тіреді.

   Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ынтымақ ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай «Ауылының атын аспандатқан рухани байлық иесі» оқырман бенефисін ұйымдастырды.

   Оқырман бенефисіне...

Толығырақ
Яндекс.Метрика