Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

Тақ Тараз. Жаһандағы жалғыз Тараз...2021-10-04 13:48:28

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы талантты жастардың қатысуымен Тараз қаласы күніне орай «Тақ Тараз. Жаһандағы жалғыз Тараз...» тақырыбында әдеби буриме ұйымдастырды.

   Іс-шараға қала тұрғындары, кітапхананың тұрақты оқырмандары, белсенді жастар, Халықаралық Тараз Инновациялық институты мен «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің студенттері қатысты.

   Әдеби бурименің салтанатты ашылуы мың бұрала билеген бишілердің...

Толығырақ

Бөкей Ордасындағы көтерілістің салдары және тарихи маңызы2021-10-04 13:34:00

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «ALEM» кәсіби білім беру колледжімен бірлесіп, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісіне 185 жыл толуына орай «Бөкей Ордасындағы көтерілістің салдары және тарихи маңызы» тақырыбындағы тарихшылармен сұхбат кешін ұйымдастырды

   Кешке М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Сейдахан Бақтыоразов және аға...

Толығырақ

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылды2021-09-29 17:53:05

    Кітап арқылы оқырмандардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ету мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла"» акциясын ұйымдастырды.

    Акцияға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан...

Толығырақ

Еңбек ері - өскелең ұрпаққа үлгі2021-09-16 17:52:55

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Еңбек - елдіктің мұраты», «Парасат жолы» жобалары аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның Еңбек Ері, өңір өндірісіндегі қайнаған тіршіліктің қайраткері, кеншілердің көшбасшысы, облыстық мәслихат депутаты Мұқаш Ескендіровтің қатысуымен «Еңбек ері – өскелең ұрпаққа үлгі» кездесу кеші ұйымдастырылды.

    Кездесу...

Толығырақ

Діни экстремизм – ғасыр індеті2021-09-16 11:33:40

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастарды діни сауаттандырып, оларды патриоттыққа тәрбиелеу, дәстүрлі емес ағымдардан сақтандыру мақсатында Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тікелей қатысуымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті»  тақырыбында онлайн сұқбат ұйымдастырды.

    Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы...

Толығырақ

Өзге этнос өкілдері арасында поэзия минуты ұйымдастырылды2021-09-14 17:26:43

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдегі интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету, оның принциптерін насихаттау мақсатында өзге этнос өкілдерінің арасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» поэзия минутын ұйымдастырды.

    Поэзия минутына орыс, өзбек, түрік, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр ұлттарының өкілдері қатысып, ұлы ақынның шығармаларын өз ана тілдерінде жатқа оқыды.

...

Толығырақ

ӘЛІБЕК ӘМЗЕҰЛЫНЫҢ ҚОС КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ2021-09-14 16:43:38

     Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында жуырда Тараз қаласындағы «Рысбаева және Ко» ЖШС баспасынан белгілі өнер қайраткері, театртанушы,  драматург, ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлының «Менің заманым және замандастарым», «Менің сырым мен шыным» атты қос кітабының тұсауы кесілді. 

     Тұсаукесер рәсіміне келген Әлібек Әмзеұлының шәкірттері, бұрынғы әріптестері және замандастары кітап авторына зор денсаулық, жаңа...

Толығырақ

Ұлылар үндестігі: Науаи мен Абай2021-08-09 15:34:49

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 10 тамыз – Абай күні қарсаңында кітапхананың әлеуметтік желі парақшаларында «Ұлылар үндестігі: Науаи мен Абай» онлайн кездесу ұйымдастырды.
Онлайн кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, ф.ғ.к. Әлем халықтары Жазушылар Одағының мүшесі Сейсегүл Молдабекқызы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2012»...

Толығырақ

Тарихқа тағзым2021-07-21 14:41:22

    Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып, саналы ғұмырын педагогика саласына арнаған жан, қазақ елінің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге көп күш жұмсап жүрген тұлға, 30 шақты кітаптың, 200-ден астам ғылыми-танымдық мақалалардың, бірқатар халықаралық конференцияларда жоғары бағаланған аналитикалық баяндамалардың авторы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, сонымен қатар АҚШ-ғы Техас штатының құрметті азаматы, өмірі өнермен...

Толығырақ

Сөзден күмбез тұрғызған Тараздың тарлан тұлғалары2021-07-04 17:40:53

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 30 жылдығы және «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында Тараз қаласында еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген алғысының символикалық белгісі ретінде «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алаңында «Сөзден күмбез тұрғызған Тараздың тарлан тұлғалары» әдеби күмбез кешін ұйымдастырды.

   ...

Толығырақ
Яндекс.Метрика